ҚР Байланыс және ақпарат агенттігінің жауапты хатшысы болып АРПАБАЕВ Бек Кәрімбекұлы тағайындалды деп хабарлайды «SKIFNEWS.KZ».
1976 жылы дүниеге келген Бек Кәрімбекұлы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің «экономика және менеджмент», Қазақстан-Ресей университетінің «есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» факультеттерін тәмамдаған. Еңбек жолын 1997 жылы бастаған. Әр жылдары «Қазагропромбанк» АТАҚ-ның Семей қалалық бөлімінде экономист, «Арман» ЖШС директорының коммерциялық мәселелер бойынша орынбасары, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі қаржылық реттеу департаментінің бюджеттік реттеу басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 2003-2007 жылдары аралығында ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Қаржылық реттеу департаментінің бюджеттік реттеу басқармасының бастығы, ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі Қаржылық реттеу басқармасының бастығы, ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігі қаржылық-экономикалық талдау және әкімшілік басқару департаментінің директоры лауазымдарын атқарған. 2007-2010 жылдар аралығында «Қазақтелеком» АҚ-ында атқарушы директор, соңынан басқарушы директор қызметін атқарған. 2010 жылғы шілде айында ҚР Байланыс және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бүгінгі тағайындауға дейін ҚР Көлік және коммуникация министрлігі ХҚКО қызметін үйлестіру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
PS. Соңғы кездері Қазақстандық ақпарат көздері ғаламторға бейімделуде. Сондықтан Бек мырза "болам деген сайттың, бетін қақпай белін буар" деп сенеміз.