«Наурыз-Альянс»: Наурыз биыл да "жетім қыздың" күйін кеше ме?

/uploads/thumbnail/20170708151456036_small.jpg
Жалпы алғанда, биылғы Наурыз да жылдағыдай жетімсірейтін түрі бар. Мәдениет министрлігіне келген жаңа басшы ойланады деген бір ғана үміт бар. Өйткені, естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын «Наурыз-Альянс»  ұйымының  құрылғанын хабарлағанбыз. «Наурыз-Альянстың» басты мақсаты  Наурыз мерекесін азаматтық-мемлекеттік деңгейде өткізуге қоғамдық-әлеуметтік топтардың, бастамашылардың жобаларын  жұмылдыру, үйлестіру, қолдау мақсатында көптеген іс-шараларды атқаруда. Алайда,  ұйымның жұмысы баяу  жүріп  жатыр,  демеуші  болам деушілер  де  аз...

    Қазірге  дейін ұйымға бірігуге тілектес ғалымдар, барлық өнерпаз тұлғалар мен мемлекеттік,қоғамдық қайраткерлер, журналистер әр өңірде ортақ жобаны Наурыз-фест (тоғызкүндік фестиваль) ұйымдастыруда. Ақтөбелік РИКА телеарнасы қолға алғанын Жаңагүл Жүрсін жеткізді. Құтпарақ безендіру бойынша белгілі астаналық суретші Аңса Мұстафа мен алматылық дизайнер Светлана Попова (Вета) қазақы бояуға толы, мазмұнға бай туындыларын жариялап жүр. Ал, Әкімшілік тобындағы Берік Уәлидің септігімен, ОҚО екібастан облыс әкімі А.Мырзахметовтың қолдауымен биыл да кірісіп кетті. ШҚО жетіүндік наурызды қолға алды деп естідік. Мемлекеттік ұйымдар тобындағы компаниялар, ЖОО, мектептер, колледждер, лицейлер, балабақшаларға тиісті сценарийлер сұраныс бойынша таратылуда. Сценарий сұраушылар ішінде ҚР БҒМ  Ғылым комитеті де бар. Әзірге Бизнес-құрылым тарапынан мынадай екі бағыттың бірі де қозғалған жоқ. Наурызды мерекелеуге қатысты атрибуттарды әзірлеуге, насихаттауға қажетті шығындарға демеушілік көрсету,  Наурыз мейрамына қатысты сұраныс тудыратын коммерциялық өнімдер мен жобаларды атқаруға инвестор болу жағынан  азаматтарымыз әлі  үнсіз.

    Насихатшылар қатарында әсіресе, блогерлер белсене қатысуда.

Е-mail:  nauryz-alyans@mail.ru

https://www.facebook.com/groups/109246125918578/

Қатысты Мақалалар