Сыртқы істер министрлігінде қазақ жоқ па?

/uploads/thumbnail/20170708151457942_small.jpg

    Жаңа  жылдан  екі ай бұрын шырша тігіп, безендіруді бастап кететін біздің жұрт наурызға келгенде тосылып қалатыны жасырын емес. Жылдағы әдет бойынша, "жоспарлы" концерттер мен құттықтау тақтайшаларынан  ары аса  алмай жатады. Бірақ,  соның өзін  сауатты жасаса мейлі  ғой.  Мәселен, Сыртқы істер министрлігінің "НАУРЫЗ МЕЙРАМЫҢІЗ" деген сорақы  қатесінен жағамызды ұстадық. Бұл туралы  журналист Данияр Есен  өзінің әлеуметтік желісінде:   "ҚР Сыртқы істер министрлігінің маңдайшасындағы қате бүкіл әлемді кезіп кетті. Сыртқы істер министрлігі арнайы мәлімдеме таратып, шыр-пыр болып жатыр.  "НАУРЫЗ МЕЙРАМЫҢІЗ". Басқа-басқа ҚР Сыртқы істер министрлігі ұяттан жерге кіріп кету керек мынадай жазудан кейін! МАСҚАРА!" деп жазыпты.

СІМ-де қазақ жоқ па, әлде қазақ тілін қорғайтын намыс жоқ па?

Қатысты Мақалалар