Ауыт Мұқибек.Назарбаевтан осындай шешім күтем!

/uploads/thumbnail/20170708151457355_small.jpg

Бүгін "Россия 24" арнасынан Қырымның Ресейге қосылғаны туралы Кремльде жалпақ әлемге жар салған үлкен жиналыс болды. Жиналыс бастан - ақыр тікелей эфрден таратылды. Сөз сөйлеген Ресей Президенті Путин де, жиналған қауым да жанарларынан қуаныш жасын төге отырып, бір бақытты сәтті бастан кешірді. Ресей өзінің әлем алдындағы тағы бір үлкен жеңісін атап өтті. Барша орыс халқының еңсесі көтерілді. АҚШ пен Еуропа Одағы қанша жерден санкция салсын, жазаласын, мойындамасын, оған қарап жатқан Путин жоқ, Қырым республикасын Ресей құрамына қосу туралы келісім жобасын мақұлдады, екі жақтылы келісімге қол қойысты. Сонымен бұл мәселеге нүкте қойылды деген сөз. Путиннің сөзіне қарағанда, Ресей мен Украина арасында белгіленген жаңа шегара сызығы жоқ екен. Баяғы Кеңестік кезеңнің сүрлеуі ғана бар көрінеді. Осы жерде біздің Елбасымыз Н.Назарбаевтың Айналадағы көршілермен тұтасып жатқан шегараны жаңа талапқа сай дер кезінде бекітіп алған ерлігін; шегералық облыстарды бір - біріне қосып, қазақтардың ара салмағын арттырған шешімін; Ел астанасын Ақмолаға ауыстырған тарихи ерлігін ерекше атап өткен жөн. Бұл алғашқы қатерден аман алып қалуы – қалды. Бірақ, мәңгілік мәселе әлі шешілген жоқ! Ол – шеттегі қазақтардың осында оралуы! Жалпы, Қырымның Украина құрамында болуы немесе Ресейге өтуі – бір қырынан алғанда онша маңызды емес. Ол бәрібір бодандық қамытынан құтылған жоқ. Бұл жерде Ресейдің әлі де бұрынғы қуатында екенін, Путиннің императорлықтың рухын үзбей жалғастыра алғанын мойындау керек. Біз көбінде АҚШ - қа үміт артамыз. АҚШ Ресей мен Қытайды қыса түссе екен дейміз. Сөйтіп, «Бұқа сүрсе, азбан сүйсінедінің» күйін кешеміз. Ендігі жерде ондай есек дәмені доғарғанымыз жөн! Қазақстанға шегара сыртында қалған қазақ жерін қайтарып алуды талап етіп отырған ешкім жоқ.Тек, өз аяғымен келгелі отырған шеттегі қазақтардың жолын ашу, жеңілдетілген тәртіппен тездетіп азаматтық беру, қатерлі аймақ – Сотүстікті халыққа толтыру керек! Мен Н.Назарбаевтан осындай шешім күтем! «Шеттегі қазақ келсін!» деген Қаулының қабылдануын; Елбасының ерлігіне бүгінгі орыс халқы құсап бүкіл Алаш жүртының айызы қанып қуанған, көзіне жас алған сәтін көргім келеді! Менде басқа арман жоқ әзірге, ағайын!

Қатысты Мақалалар