«Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары жердің жеке меншікке өтуіне кедергі жасамауға шақырды

/uploads/thumbnail/20170709011911780_small.jpg

Жер реформасы бойынша комиссияның алғашқы отырысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары, комиссия мүшесі Нұржан Әлтаев жерді меншігіне алып, жұмыс істеймін деген Қазақстан азаматтарына ешқандай мораторий кедергі болмауы керектігін айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жер мәселесі халқымыз үшін барынша өзекті екендігі сөзсіз. Өйткені бұл біздің туып-өскен ата-қонысымыз. Бірақ, сонымен бірге сол жерді біз ең алдымен халықтың игілігіне пайдалануымыз керек. Болашақта тек қана мұнай-газ емес, мұнан бөлек елдің әл-ауқатын көтеретін, экономикамызды аяққа нық тұрғызатын ең бірінші кезекте ауыл шаруашылығы болмақ», - деді Н.Әлтаев.

Осы ретте ол бүгінгі күні палатаға Ресейдің алты облысынан үлкен сұраныс түскенін, олар ай сайын ет, сүт өнімдерін, көкөністерді үлкен сомаға алуға дайын екендіктерін білдіргенін айтты. Мәселен, өткен жылы Ресей мен Қытай 4 млрд. долларға сиыр етін тасыды. Ал, Қазақстан болса сыртқы нарықтардан 3 млрд. долларға ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алған. Оның тек 900 млн. доллары ғана экзотикалық жеміс жидекке кетсе, қалған сома өз жерімізде де өсіруге болатын ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға жұмсалған.

«Осының аясында мемлекетіміздің мықты экономикасын құру үшін жерді игеріп аламын дейтін Қазақстан азаматтарына меншікке беруіміз қажет. Жерді жұмыс істеймін дейтін азаматтар да оны өз меншігіне алуы тиіс. Оған ешқандай мораторий кедергі болмауы керек», - дейді ол.

Қатысты Мақалалар