«МузАрт»Шымкеттен таланттарды іздейді

/uploads/thumbnail/20170709011922890_small.jpg

Танымал топ «МузАрт Live» жобасын қолға алғаны белгілі. Бұл жолы "МузАрт" өнер ұжымы Шымкентке жергілікті таланттарды іздеп келді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап

Толығырақ айтсақ, қазақ эстрадасының белді өкілдері «МузАрт» тобы өздеріне шәкірт іздейді, жас таланттардың тасада қалмай, танылуына енді өздері себепкер болмақ. Мұны бізге берген сұхбатында топ әншісі Кенжебек Жанәбілов айтты, деп хабарлайды otyrar.kz. Өнер иесінің айтуынша, «Дәстүрдің жарқын жалғасы» атты бастама 2 күн бойы өңірдегі Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның екінші қабатында өтетін болады.

  «Жерлестерімнен үлкен үміт күтіп келдім. Бірақ, әзірге мен күткен, ойымдағыдай орындаушыны таба алмадым. Керісінше, астаналықтар шымкенттіктерге қарағанда әлдеқайда басым түседі дер едім. Дайындықтары да жақсы еді. Бірақ, алда әлі бір күн уақыт бар. Сондықтан, мен әлі де болса үмітімді үзбеймін. Шын талантты, дала дауысын күтемін! Ал қатысушылардың музыкалық біліміне емес, оның дарынына, қабілетіне назар аударып жатырмыз. Сондай-ақ, жас ерекшелігі де 14-25 жас аралығында болуы міндетті. Ал жеңімпазды «Қазақстан» ұлттық арнасының әзірлеген марапаты күтіп тұр. Және біз де өзіміз іздеп тапқан әншілерден «МузАрт» секілді топ жасақтап, олардың қазақ эстрадасында қанаттануы үшін қолдан келген көмекті аямаймыз»,- дейді қазылар алқасының мүшесі Кенжебек Жанәбілов.

Таңсәріде басталған іріктеу қас қарайғанға дейін жалғасты. Ұзын-сонар кезек толастар емес. Үміткерлердің бірі өлең сөздерін жаттаса, екіншісі дәлізде дайындығын пысықтап, ән салды.

 

Қатысты Мақалалар