Жер комиссиясының отырысы әр сенбі сайын өтетін болады. Комиссия төрағасы, бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаев осылай деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
«Кезекті отырысымызды келесі сенбіде өткізейік. Басталатын уақыты - сағат 10. Келесі жолы жерді сату мәселесін қарастыратын болайық. Одан кейін талқылауға тиісті келесі мәселемізді анықтап алатын боламыз», - деді Б.Сағынтаев мырза.