Германия 2020 жылға дейін босқындарға 93, 6 млрд еуро жаратады

/uploads/thumbnail/20170709012002437_small.jpg

Германия 2020 жылға дейін  босқындарға  жалпы алғанда 93, 6 млрд еуроға жуық қаржы жаратады. Бұл туралы  Spiegel апталығы федеральдық жерлермен келіссөзге дайындалған қаржы министрлігінің сметасына сілтеме жасап  хабарлады.

Есепке  босқындарды орналастыру, интеграция және тіл курстары, әлеуметтік қамтамасыз ету, сондай-ақ Еуропаға ағылған көші-қонның себеп-салдарымен күрес кіріп отыр.

2016 жылы осы мақсатқа 16,1 миллиард еуро жұмсалса,  2020 жылға қарай сәйкесінше жыл сайынғы шығын 20,4 миллиард еуроға өседі, деп жазады басылым қаржы министрлігіне сілтеме жасап.

Алдын ала болжам бойынша, ағымдағы жылы Германия 600 мыңға жуық босқынды қабылдайды, ал келесі жылы -400 мыңға жуық, одан кейінгі жылдары - 300 мыңнан. 

 

Қатысты Мақалалар