Алматыда ерлер әйелдерін арқалаудан жарысады. - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырылатын ерекше жарыс 15 мамырда Сайран көлінің жағасында өтеді. Ерлер кедергіге толы 253 метр қашықтықты бағындыра отырып өздерінің жарларын құлатып алмау керек. Байқау шарты бойынша ерлер әйелдерін арқалай ма, көтере ме өздері біледі. Ең бастысы жарының аяғын жерге тигізбей, мәреге бірінші келуі керек.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға ресми некеде тұратын жұптар ғана қатыса алады.
«Жарысқа неке туралы куәлікті алып келгендер қатысады. Тек әйелдің салмағы 49 келіден аз болмауы керек. Әйтпесе, қосымша жүк беріледі. Wife carrying World Championship Финляндияда жыл сайын өткізіліп тұрады. Қазір Азия, Африка елдерінде де жиі ұйымдастырылады», - делінген хабарламада.