Блогер жер комиссиясы жұмысына БАҚ өкілдерін қатыстырмауды ұсынды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Журналист-блогер Азамат Битан фейсбук парақшасында жер комиссиясы жұмысына қатысты ұсыныс айтты.
"Менің жеке пікірім, алдағы өтетін Жер реформасына қатысты отырыстар бұдан былай БАҚ өкілдерінің қатысуынсыз өткені жөн. Бірақ өзара талқылаулар аяқталған соң комиссия мүшелері жиынның жұмыс қорытындысын журналистермен бөлісіп, сауалдарына жауап бергенін құптаймын. Әйтпесе бұл белгілі бір мерекелік шараның дайындығы немесе Ермегияевтың соты емес. Құпиялылық, мемлекеттік қауіпсіздік жағдайларын да ұмытпаған жөн. Журналистердің де жұмысы едәуір жеңілдейді. Әрі кей қатысушылар бос популизмге ұрынбас еді...
P.S. Жақсылық Үшкемпіров ағамыздың тырнағына татымайтын "диванбайлар" жұлмаланған ақпаратқа тойып алып, үстерінде кір-кір мәйкі, бұттарында тізесі шыққан трико, балконға шығып алып түні бойы кеуделерін ұрғылапты... Мырс еттім де қойдым" деген жазбасында.