Алматыда 9 мың теңге үшін сатушыны 48 жерден пышақтаған

/uploads/thumbnail/20170709012045953_small.jpg

Алматы облысының 24 жастағы тұрғыны анасымен жасты сатушыны 48 жерден пышақтап кетті, - деп хабарлайды Qamshy.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

51 жастағы әйел қазір ауыр халде ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның өмірін арашалап қалу үшін барын салуда.

 

24 жастағы жігіт Бөкейханов көшесіндегі кішігірім дүкендердің бірін тонамақ болады. Түскі 14.00 шамасында  ол 51 жастағы сатушыны соққыға жығып, 48 жерінен пышақ салған.

«Сатушы есінен танып қалған кезде, тонаушы кассадағы 9 мың теңгені алып тайып тұрған. Іздестіру тобы күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны болып шықты. Құрықтау операциясы барысында оның қалтасынан суық қару  пышақ табылды. Ол заттық айғақ ретінде іске тіркелді», - деді Жетісу аудандық ІІБ басшысының орынбасары Дәулет Сәмбетов.

Қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалды.

Қатысты Мақалалар