Оралмандардың құқықтары

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

Оралмандар мен олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жеңілдіктерді, өтемақыларды, сонымен қатар басқа да жәрдемақы және атаулы көмекті алуға құқықтары бар:
  • Оралман мәртебесін алған тұлғалар үшін көрсетілетін әлеуметтік жеңілдіктердің негізгі бағыттары жұмысқа орналасуда, бiлiктiлiгiн арттыруда және жаңа мамандықты игеруде көмек көрсету;
  • мемлекеттiк тiлдi және орыс тiлiн оқып-үйренуге жағдай жасауды қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен Қарулы Күштер қатарында қызмет атқаруға шақыруды кейiнге қалдыру;
  • техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға түсу үшiн квoтa бөлу; мұқтаж болғандарға мектептерден, мектепке дейiнгi ұйымдардан, сондай-ақ әлеуметтiк қорғау мекемелерiнен орын беру;
  • біржолғы жәрдемақылар мен зейнетақыны төлеу;
  • азаматтығы қалпына келтiрiлгендердiң "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген өтемақыға құқықтарын iске асыру;
  • Қазақстан Республикасына келуге виза беру үшін консулдық алымдардан босату; заңнамаға сәйкес медициналық көмектің кепілдеме бөлігін тегін алу;
  • Қазақстан Республикасының азаматтарына қарастырылған атаулы көмекті алу;
  • мүлікті шекара арқылы кеден төлемдерін алмай өткізу; тұрақты тұратын жеріне жол жүру және мүлкін (оның ішінде малын) жеткізу жөніндегі шығыстарды өтеу;
  • тұрғын үй сатып алу үшін қаражат бөлу.

Қатысты Мақалалар