Оралман мәртебесін қалай алуға болады?

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

Басқа мемлекеттен Қазақстан Республикасына қоныс аударған көшіп- келушілерге оралман мәртебесі беріледі. Қазақстан Республикасының аумағындағы әрбiр көшi-қон субъектiсi өзiнiң тұрақты немесе уақытша тұратын жерi бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өткен күннен бастап күнтiзбелiк бес күн iшiнде тiркелуге мiндеттi.

Көшi-қон субъектiлерiн тiркеу жеке басты куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады. Оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішті отбасының кәмелетке толған мүшелерінің бірі жеке өзі уәкілетті органның аумақтық органына береді. Жеке өзі жүгінуі мүмкін болмаған жағдайда өтініш беруші уәкілетті өкілге жүгінуге нотариалды расталған сенімхатты оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өтінішпен қоса береді. Өтініш берушіге оның өтініші қандай нөмірден кейін тіркелгені туралы тіркелу нөмірі беріледі:
  • өтініш
  • қолдаухат тұлғасы мен бірге көшіп келген оның отбасы мүшелерін куәландыратын (паспорт, жеке куәлік, туу туралы куәлік, неке туралы куәлік, ажырасу туралы куәлік, әскери билет, еңбек кітапшасы);
  • Қазақстан Республикасы аумағында тұратын тұрғылықты жерінен отбасы құрамы туралы анықтама;
  • тұрғылықты үйі бар немесе жоғы туралы анықтама
  • Оралман мәртебесін беру туралы өтінішті тіркеу, өтініш берушіні және оның отбасы мүшелері туралы мәліметтерді «Оралман» электрондық деректер қорына енгізгеннен соң жүзеге асады.
Оралман мәртебесін беру немесе бермеу туралы шешім, аумақтық органда тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей уәкілетті органның аумақтық органымен қабылданады. Оралман мәртебесін алғандарға бекітілген үлгідегі куәлік беріледі. Оралман куәлігін жоғалтқан жағдайда, оның иегері уәкілетті органның аумақтық органына жоғалтқаны және телнұсқасын беру туралы өтініш ұсынады. Өтініш тапсырылғаннан кейін, уәкілетті органның аумақтық органы бес жұмыс күні ішінде оралман куәлігінің телнұсқасын береді, оған, «телнұсқа» мөрі басылады. Оралман куәлігі қатал есепті құжат және оралман мәртебесін растайтын негіз болып табылады. Назар аударыңыз! Оралман мәртебесі, Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін өз күшін жоғалтады. Оралмандар мен олардың отбасыларының мүшелері:
  • уәкілетті органның аумақтық органдарына оралман мәртебесін беру және (немесе) оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу туралы өз өтініштерін қарау үшін қажетті отбасының барлық мүшелеріне дұрыс мәліметтерді табыс етуге;
  • денсаулық сақтау органдарының талап етуі бойынша медициналық тексеруден өтуге, екпелер қабылдауға, емделу курсынан өтуге, сондай-ақ денсаулық сақтау органдарының нұсқамаларын орындауға;
  • оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығына жолдама алған кезде үш күннің ішінде сонда қоныстануға және оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында болудың белгіленген кезеңі аяқталғаннан кейін өздеріне берілген үй-жайды босатуға;
  • уақытша орналастыру орталығында және оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында болудың белгіленген тәртібін сақтауға міндетті.

Қатысты Мақалалар