Бір сайтқа былай деп жазған екен: "Русские ахнут, если весь золотой фонд казахскоязычной прессы переведут на русский язык"...Дәл солай.. Қазақстандағы орыстілділер қазақ басылымында шығып жатқан дүниелерден хабарсыз. Біз, бірін-бірі түсінбейтін екі лагерге бөлініп алдық. Қазақ басылымдарындағы мақалалардың мағынасын естігенде, олардың: "Мыналарын барып тұрған радикалдар екенғой",- деп, жағасын ұстайтыны содан. Мәңгүрттікке қарсы шығып, өзіміздің заңды үлесімізді алу үшін жанталасып жатқанымызды келімсектер қайдан түсінсін..Украинадағы сепаратизмнің біздің қасымызда жарасы жеңілдеу. Олар бірін-бірі түсінеді. Қантөгіске бармағаны да осыдан. Осы жолғы референдумда кәрі-құтаңдар мен әсіреорысшыл бірен-саран жастар ғана Ресейге қосылуды жақтап, дауыс беріпті. Барлық ақпарат агенттіктерін шолып шықтым. Сонда көзім жеткені, жастардың жетпіс пайызы агрессияға қарсы болған. Референдумға жел беріп, онда "массовка" ұйымдастырғандардың 40 пайызы Ресейден келгендер екен. Егер, Ресей Қазақстанға көз алартса, тошно бардак болайын деп тұр..Біз, бауырлас халық та емеспіз, бір-біріміздің тілімізді де түсіне бермейміз...(Әсіресе "орыстар")..Сепаратизм өз ішімізде өршіп тұр. Оны Қазақстандық мәңгүрт идеология барынша бүркемелеуге тырысуда. Қашанғы бүркейді? Бір күні бәрі бетке шығадығой....Билік бейқам..."Преступный халатность" дейтін еді мұндайды орыстар..