І
Былтырғы 2015 жылдың басында, "Қазақфилмнің" тапсыруымен... тиісті қаражатын алып, Мен жайында - "Ғасыр-кемеңгері..." - атты деректі фильм түсірген, белгілі кинорежесер Еркін Рақышов телефон соғып ;
- Аға салаумаликим...амансыз ба ?! - деп, көңілді тіл қатты.
- Есен-саусың ба, Еркінім...
- Шүкіршілік, аға ?!
- Жақында, Қытай елінде айға жуық... экраннан көрсетіп қайтқан - ӘЙГЕРІМ - атты жаңа филмімнің тұңғыш көрсетілімінің... презентациясына шақырамын, - деген Еркін, оның болатын күні мен кинотеатрдың адресін айтты.
- Бә-ре-кел-ді, рахмет... міндетті түрде келемін, бірақ ол кинотеатрды білмейді екенмін...
- Аға, көлік жіберемін... келіп, алып кетеді...
- Жарайды, келістік.
... Халық көп жыйналыпты ?! Көркем фильм - "Әйгерімді" - қызықтап көрген соң, пікір айтуға... көрермендердің алдына шықтық. Белгілі азаматтар - Амалбек Тышанұлы мен Серікболсын Әбдильдин ақсақалмен - саханада сәлемдесіп, әрқайсымыз қысқаша өз пікірлерімізді айттық. Амалбек мырза, жерлес інісі - Еркін режесердің - ыйғына шапан жапты. Осылайша, көтеріңкі көңілмен "шайға" келдік. Кіреберістегі шағын алаңға ұйымдастырылған... дәмнің үстінде, жаныма келген Азамат, жайдары жылы үнімен ;
- Аға, саламатсыз ба ?! - деп, қолын жүрегінің тұсына қойып... басын иді...
- Иә-ә, армысың... қалқам...
- Шүкіршілік аға, өзіңізбен... таныстыруды, Еркіннен сұрағаныма көп болды. Әне-мінемен... сәті түспей жүрген-ді. Бүгінгі Сізбен жолыққаным... қандай тамаша болды.
- Сәлемнің де... сәті бар ?! - деген сөз, осындайдан айтылса керек.
- Иә-ә, аға... тегі солай болар...
- Атың кім ?
- Еркінбек, Талғар да тұрамын.
- Еркін-жан... жағдайларыңмен таныстыра тұр...
- ...Біз, осы 2000-шы жылдардың басында... Қытайдан көшіп келгеміз. Менің мамандығым - Халық медицинасында оқып - әзіргі кезде де... сонымен шұғылданамын. Сіздің де - дәрігер - жазушы - педагог ғалым - екеніңізді білемін. Шығармаларыңыз бен Фейсбукте жазған пікірлеріңізді оқып тұрамын...
- Япыр-ау - "Халық медицинасы" - дегенің қызық екен. Сонда... Қазақтың ба... әлде Қатайдың... халық медицинасы ма ?..
- Негізінен "Қазақтікі" - дегенім жөн болар, әйтседе "Қытайдікімен" - байланысы мол.
- Иә-ә, бауырым... бұл телегей-терең, үлкен әңгіме екен, - деп өзімше ойланып қалдым...
- Жөн айтасыз аға...
- Бірақ, бұл жердегі уақыт та тәмәмдалып қалған тәрізді...
- Аға, рұқсат етсеңіз кейін хабарласайын... телефоныңызды жазып алсам, бола ма ?..
- Әрине болады... кейін хабарласарсың ? - деп телефон нөмірін беріп, Еркінбекпен жылы хоштасқан едік.
Көп ұзамай, екі-үш күннен кейін-ақ... Еркінбекпен кездесіп, бірден Медеуге барып, серуендей жүріп әңгімемізді бастадық. Ол біраз уақыт, Қытайдың атақты "халық емшісінің шәкірті боп" тәжрибеден өткен сәттерін сөз етіп ;
- Жалпы, Қытайлар өте сақ та... ішкі қулықтары мол халық ?! Әсіресе, тарихи деректерді... ескі қытай жазбаларын, тіпті ескі рецептерді де... жасыра ұстап, маған оқытпауға тырысатын...
Бірде ұстазым ;
- Сен ескі Қытай тілін білесің бе ? - деп сұрады.
- Жоқ, білмеймін, - деп, білетінімді жасырғанды жөн көрдім. Бұл тәсілім дұрыс болды. Осының арқасында, бұрын менен тығып ұстайтын - "ескі рецептерді" - стол үстіне қалдырып кететін болды. Оны қарауға да... ұстауға да, мен де асығыстық жасамадым. Соның әсерімен, енді Ұстазым ескі қытай тілінде жазылған сирек кітаптарын да, тығып ұстамайтын болды. Осылайша оның сеніміне кіргеннен кейін, көп деректерді оқып... бұрын ойға келмеген, көне жаңалықтармен таныса бастадым. Сондағы менің көзімнің жеткені, - бұрындар "қытайдың халық емі" - делінетін - "көпеген емнің түрлері" - сон-ау ескі дәуірлердегі - "біздің ата-баба емдерінен" - алынғаны жайлы ескертпелер де мол жазылған екен...
Мен естігендеріме қатты таңырқап ;
- Сонда, - "ескі қытай тілін" - бүгінгілер түсінбей ме ? - дедім.
Күлімсірей жауап қатқан Еркінбек ;
- Иә, аға... толық түсіну өте қиын, -деді.
- ?!
- Сондықтанда болар, осын-ау жасырын ұстауға тырысатын жазбалар да - "тарихи уақиғалар" мен "дәуірлік деректерде" - аса көп кездеседі екен. Біразын көшіріп те алған едім...
Оның сөздері... менің -"көне дәуір тарихтары " - жайындағы - күмәндарым мен күдіктерімнің - растығын аңғартқандай болды. Жалпы, шешіле айтқан әңгімелерімізді... қортындылай келе, қытайдың - көне жазбаларын - сүзе қарап, - сынай талдау арқылы - "ескі ТҮРКІ тарихының" - көптеген жабық түйіндерін шешуге болатын сияқты.
Осы ойларымды Еркінбекке ескертіп едім, ол ерекше әсерлене қолдайтынын сөз етті.Тура осындай ойлар... оны да көптен мазалайды екен. Тіпті қолында осы жайлы біраз деректердің бар екенін мәлімдеп, осылардың - "ғылыми жүйелерін" - бірге түйіндеп, мақалалар жазудың қажеттігін өтінді. Көне Қытай тілін жетік білетін Еркінбектің ойлары... сан-сала түсініктерге жетелеп, енді сол деректерді көре отырып... әңгімелескенді жөн көріп, біздер Медеуден тура Талғарға жүріп кеттік. Жол-жөнекей телефон арқылы байланысқан - "1916 жылғы Ұлт азаттық көтеріліс жайында" - дөңгелек стол ұйымдастырып, біраздан бері Менімен ақылдасып жүрген... Бақытжан да сұранып бірге келді. Біздер бірсыпыра уақыт... Талғарда болып, кешке қарай мені Алматыға жеткізген Еркінбек жылы хоштасып ауылына кетті. Әйтседе, анау қытай деректерімен бұл жолы шұғылдана алмадық. Себебі, Еркінбек бұл материалдарды қалай болса... солай, жариялай бергісі келмейтінін аңғартты. Біздер келешекте... осын-ау істі, зерделеуге кірісетін болып келістік...
ІІ
елесі аптаның аяғында, кешке қарай Еркінбек тағыда қабарласып ;
- Аға, сау-саламатсыз ба ?! Жиі мазаласам... кшіріңіз, әйтседе Қытайдан... жақында ғана келген - "қазақтың халық емшісі" - Сізді менен естісімен-ақ... танысқысы келетінін айтып, қайта-қайта жолықтыруды сұрап отыр. Уақытыңыз болар ма екен ? - деп, қысыла сөйлеп... қиыла өтінішін білдірді.
- Жарайды ! Алыстан келген адамның тілегін орындаған жөн, - дедім.
- Ой-й, аға...- деп қуанып кеткен Еркінбек - аса терең ризашылықпен рахметін айтты !
- Ол адам қайда тоқтапты ?..
- "Еңбекші қазақ" ауданындағы "Ақши" ауылында тұратын бауырына келіпті. Аға, Сіз құптасаңыз... оларды ертең өзім барып, үйге алып келемін. Ал Сізді... Алматы да тұратын, Шаяхмет ағайым... Талғарға жеткізеді, - деп сөзін тәмәмдады.
- Жарайды, келістік.
Ол жай ғана ;
- Ертең Шәкең... қай уақытта келсе жөн болады ? - деді.
- Тәңертеңгі - тоғыз жарымға (9,30 ) келсін...
- Жарайды аға, келе жатқанда телефон шалады.
- Жақсы ! - деп сауласқан едік.
Менің бүкіл тіршілігімдегі... аса қатаң қалыптасқан әдетім, - ұқыптылық пен уақытты - өте дәлдікте ұстауға үйренгемін. Сондықтан, тәңертеңгі тоғыз-жарымда (9.30) киініп, далаға шығып кеткен едім. Тосып жүргеніме бірер сағаттан асып кетсе де, маған келетін Шаяхметтен хабар жоқ. Бұл маған өте ауыр тиді. Бұрын көрмеген Шаяхметтей тәртібі нашар жігітті, тіпті көргім келмей қатты мазаландым. Далада жүргеніме екі сағаттай болған соң, Еркінбекке телефон шалсам... Шаяхметтің жолда келе жатқанын хабарлады. Содан кейін де... жарты сағаттай уақыт өткізіп, Шаяхмет атты... ұзын бойлы да ыйықты, қараторы жігітағасы... кешіксе де, әйтеуір келді-ау...
Мен әзіл-шынын араластырып :
- Кәнеки жүре ғой... анау бұрышқа, әуелі дүре соғып алайын, - дедім.
Шаяхмет жымиған боп басын идіде :
- Дұрыс айтасыз аға.. кінәлімін ?! Кешіріңіз ? - дегенін естіп, оның сөзді де... әзілді де түсінетіндігіне ризашылықпен қарап, өңімді жылыта жанына келдім.
- Мен уәделескен уақытты қатаң сақтайтын адаммын...
- Түсінем аға... түсінемін, аяқастынан - оң жақ шекемнің шаншуы ұстап - дәріханаға соғумен айналып қалдым, - деп жағдайын түсіндірді.
Екеумізде машинаға отырып ;
- Жарайды, қазір қалай ?- деп сұрадым.
- Дәрі ішкен соң басылғандай болды. Сізден тағы да кешірім сұраймын, - деген ол Талғарды бетке алды.
Жол-жөнекей танысу үшін :
- Иә-ә, Шәке - атыңды білемін... - тегің мен жөніңді - айта отыр, - дедім ?!..
Шаяхмет манағыдай емес бабына келіп, қоңыр дауысымен ;
- Мына кележатқан... Еркінбек, аталас інім, Қытайдан бір жылдары (2002) көшіп келгенбіз, "Албан ішінде -Қожабергендер" боламыз. Өзімнің мамандығым - матиматик және ақынмын - десем де болады. Қазіргі ерекше шұғылданып жүргенім - "Өтейбойдақ бабамыздың - Шипагерлік баянын" - бүгінгі Қазақ тілі мен осы әліпбимен шығару, - деп, қысқаша таратып... сырласа айтуға тырысты.
Шаяхметтің әңгімесі... мені қатты қызықтырып ;
- Иә-ә, - Өтейбойдақ бабамыз да... оның "Шипагерлік баяны да..." - мүлдем игерілмей жатқан рухани қазынамыз. Кезінде "Жалын" баспасынан - 1996 жылы... "арап қарпінен көшірген" - Керім Елемес пен Дүкен Мәсімханның - бастырып шығарған "Шипагерлік баянын" - қарапайым оқырман түгіл, ғылымды игерген дәрігерлер де... терең талдап түсіне алмай жүргені рас. Сондықтан да, ширек ғасырға жуық уақыт өтседе зерттелмей жатыр, - деп сәл кідіріс жасадым...
Осы сәтті пайдаланған Шаяхмет балаша қуанып ;
- Сәке -аға -ау, оқыған екенсіз ғой... дәрігерлік көзқарасыңызды айтыңыз шы ? - деді.
Бауырым-ау, бұл телегей терең дүниені айтқан да ;
- Ең әуелі... менің аңғарғаным, Өтейбойдақ бабамыздың - "қараүзген ғұламалығын да"... әлі терең түсінгеміз жоқ. Мәселен, Әбу Әли ибн Синаның - "Канон" атты үш томдығымен - дәрігер-ғалым болып жүргенде танысқаным бар. Оқуы қиын болсада - "Шипагерлік баянды" - бірнеше рет қайталағанда аңғарғаным, тіпті Ибн Синаның айтпаған - ғылыми жаңалықтарын, Өтейбойдақ бабамыздың - өз заманында... тіпті, іс-тәжрибеде қолданғаны қатты таңырқатқан еді...
Соншама естігеніне... ерекше әсерленген Шаяхмет ;
- Япыр-ай, ағатай-ау... айтыңыз шы, қандай - "ерекше тәжрибесін" - білесіз ? - деді.
Мен оның жүзіне күлімсірей қарап ;
- Шүйіншісі мен көрімдігін бересің бе ? - деп әзілдеуге тура келді.
- Беремін аға... беремін , - деді.
- Онда, ұқыптап тыңда ?!..
- Міндетті түрде, тыңдаймын аға...
Баяғыда "Шипагерлік баянды" оқыған сәттен ойымда жүрген ;
- Европа 18-ғасырда ғана ашқан, Француздың ұлы ғалымы "Пастерьдің" атымен аталатын -"Вакцинасияны"... яғный, жұқпалы ауруға қолданатын "екпе дәріні" - Өтейбойдақ бабамыз - өзі жасап... тіпті, іс-тәжрибеде қолданғанын кітабында жазады, -деп сөзімді түйіндегендей болдым.
Аса қызығушылық танытқан Шәкең ;
- Аға, сонда қалай... нені қолданған ? - деді.
Мұны қысқаша айтсам ;
- Медицинада - өте тез тарайтын, жұқпалы аурулар болады. Оны дереу тоқтататын, тек "вакцин" арқылы емдеу ғана тәсілі. Міне осы әдісті, бүкіл әлемде... тұңғыш рет, ғылыми негіздеп қолданған ғұлама, тек Өтейбойдақ бабамыз екені... 1470-ші жылдары, өзі жазған "Шипагерлік баянында" - егжей-тегжей айтылады. Жалпы бұл - дәрігерлік ғылымдағы - бүкіл адамзат ашқан ғылыми жаңалықтардың ішіндегі - ең құндысы десек артық айтқандық емес. Мұны алғаш естіген де... дәрігер ретіндегі, қуанышымда шек болған жоқ. Тіпті, сенер-сенбесімді білмей... қайта-қайта оқығаным да, әлі есімде жүр, - деп, терең күрсіне демімді алдым.
Машинасын баппен жүргізіп келе жатқа Шәкең ;
- Сонда, "екпе дәріні" қалай жасаған ? - деді.
- Бүгінгі біздерді - таңырқататыны да... таңқалдыратыны да... - сол "екпе дәріні"... жұқпалы ауырудың бөртіп шыққан "іріңін" алып, жас тананың "әукесін тіліп" жаққан соң, бірнеше күндердең кейін - томпиа ісінетін болған. Осының ішіндегі "сарысуды"... аурудың білегіне жағып, содан кейін "инемен сызып" емдеген көрінеді.
- Япыр-ау... Сәке, - деген Шаяхмет - біздерге жас кезімізде... осылай "вакцинация" жасап еді ғой...
Мен де күліп ;
- Иә-ә, менің білегімде де... содан қалған "тыртықтың" бар екені рас ?! - дедім.
Жан-жағына зер сала қараған Шаяхмет ;
- Аға, Еркінбектің үйіне де жеттік, - деді.
- Ту-у-у, тіпті әңгімелесе отырып...білмей қалыппыз ғой.
Ол жүзіме мейірлене қарап ;
- Иә-ә, Сіздің әңгімеңіз... керемет-ақ болды. Әне, Еркінбек те сыртта күтіп тұр екен, - деп, біздер машинадан түсісімен... жарқын-жарқын сәлемдесіп үйге де кірдік...
ІІІ
Төрде отырған екі адам, орындарынан тұрып сәлем беріп жатты. Екеуі де егделеу болғандарымен, жастары менен кіші екендері байқалып тұр. Жайғасып отырғаннан кейін Қытайдан келген "халық емшісі" өзін таныстырып ;
- Аты-жөнім ... Әлеш Сайдақын, сүйегім - "қызай найман" , - деп, біраз жайлармен хабардар етіп, Шығыс Түркістанның - "Нылқы" ауданы... " Іле қазақ облысынан" келгенін айтты.
Сәлде болса тарихи танымын білмек болып ;
- Жә-ә, келген қадамыңа гүл бітсін... "Қызай..." - Найманның қай тайпасына жатады ?- деп сұрадым.
Маған үңіле қарап алған ол ;
- "Матайдың" - бір руы ғой, - деді.
Мен де білетінімді аңғартып ;
- Иә-ә-ә.., - "Домалақ ананың екі қызы да - Қызай мен Мұрын - найманға келін болып түскенін" бұрындар естігенім бар, - деп, Әлеш ақсақалдың айтқанын қостаған болдым.
Ол да ризашылығын білдіріп ;
- Сәке, өзіңіз де жақсы біліп отырсыз ғой, - деді.
Мен күлімсірей қарап ;
- "Қызай найманның" өз аузынан естігенді жөн көрдім ?!- дедім де; - Ал енді "емшілік" жайында не айтпақ ойларың бар ? - деп әңгіме бағытын өзгертуге тура келді.
Әлеш-емшінің сақтана сөйлеу әдеті ме екен ;
- "Жеті атамыздан" бері шұғылданып жүрген... Атадан балаға "мирас" болып келе жатқан шаруа ғой, - деді.
- Сонда нендей ауруларды ...
- Бәрін де...
Сөзге араласқан Еркінбек ;
- Аға, ыстық тамақ келді... ас алыңыздар ?- деді.
Алып келген қойдың басын... менің алдыма қойған соң, қолымды жайып ;
- Алла жарылқасын,
Аруақ қолдасын,
Құт- береке берсін
Халқымызға бақыт келсін, Ал-лау ақ-пар !- деп, бата жасадым да, басты "Әлештің алдына" қойдым...
Отырған азаматтар ;
- Сәке-е... басты өзіңіз ұстаңыз, сіздің мәртебеңізге... - деп, шу ете қалды.
- Рахмет ! Түсінемін... - деп, сәл кідірдім де ; - Мен жастайымнан "дәрігер-хирург" болып, көп жылдар жұмыс істегендіктен - "ет турап... сүйек ұстамай" - қолымды таза ұстауға тырысатын қадетім бар. Міне, сол "әдет" әлі жалғасып келеді....
Шаяхмет қатты таңырқап ;
- Сонда, сүйек те ұстамайсыз ба ?- деді.
- Иә, сүйекте ұстамай... етті, тек шанышқымен ғана жеймін...
- Ғажап екен...
Оларды сәл тыныштандырып ;
- Ең ғажабы... мынау, дүниежүзіндегі Халықтардың ішінде - "басты осылай құрметтейтін" - тек Қазақ жұрты ғана, қанеки осының себебін айтыңдар шы ? - деп, - Әлеш - Әлімжан - Шаяхмет - Еркінбек - деп, әрқайсысын атап-атап... жеке-жеке сұралды. Барлығы да білмейтіндіктерін мойындады.
Сәл кідірістен соң Шаяхмет пен Әлімжан жарыса сөйлеп ;
- Сәке аға, бұл жайында өзіңіз айтып беріңіз ші ? - деп өтініш жасады.
- Ал кәнеки... онда тыңдаңдар ?!? - деп, олардың жүздеріне қарап алып - бұл уақиға... тым ерте де болса керек...
Ол кезде - " Наймандарды - Сегізоғыз" - деп атайды екен. Көне замандар да - "жаугершілік жиі-жиі болып" - тайпа-тайпалар бірін-бір жаулаумен күнелтетін көрінеді. Әсіресе, Қалмақтардың шабуылына... Түркі тектес тайпалардың, жиі ұшырайтыны айтылады. Міне, осындай ойда жоқта тап беретін жаугершілікке ұшыраған... "сегізоғыз-наймандар" - қатты жеңіліс тауыпты. Сонда, Жау жағы... тонаған мал-мүлікпен қоса, бүкіл аймағына аты әйгілі - "Абыз ақсақал мен Шәкіртін" - бірге алып кетіпті...
Қалмақтардың тайпа көсемі... бір күннен кейін, кеңесшілерімен ақылдаса кеп ;
- "Абыз ақсақал"... Сенің ақыл-парасатыңды сыйлағандықтан, бір ай уақыт беріп... тек бір ғана тамақтың түрімен көректеніп, аман қалсаңдар... ат-көлікпен ауылыңа қайтарамыз. Тамақтың түрін... ертеңге дейін ойланып, өзің айтасың, - деп, қайыра зынданға апарып қаматады...
Содан, "Абыз ақсақал"... біраз ойланып, жөнді шешім табалмай қатты қиналады. Шәкірті де ой үстінде отырып, бір қанша уақыттан соң ;
- Ұстаз, қалай шештіңіз бе ? - деді.
Маңдайын сыйпалап, біраз отырған ақсақал ;
- Шынымды айтсам, еш шешімін таба-алмай отырмын, - деп қиналған Абыз; - Егер Ай бойы... бір ғана тамақтың түрін ішсек, тірі қалуымыз екі талай, өйткені ағзаға қажет заттар... бір ғана тамақтың түрінде болмайтыны анық, - дегендей өзінің ойын айтты...
Қуанғаннан орнынан тұрып кеткен Шәкірті ;
- Ау-у Ұстаз... менің есіме түсті, Сіздің айтқан анадағы бір сөзіңіз, , - деді.
Елең ете қалған қарт Абыз ;
- Иә, не сөз ?! - деді.
- Сіз қойдың басындағы еттер де, он бес түрлі - ағзаға керекті заттар бар, - деп едіңіз ғой.
Қуанып кеткен Абыз ;
- Ұстаздан - Шәкірт озды ! - деген осы.
- ?!
- Япыр-ау, болды... болды... мәселе шешілді, - деп, олар ертеңді күтіп, демалуға кірісті.
Тәңертең күзетшсі келіп, тайпа көсеміне алып келді. Ол дауыстап ;
- Иә-ә, Абыз дайынсыз ба ? - деді.
Абыз қолын кеудесіне қойып ;
- Рахмет, Хонтайшы... айтуға рухсат етіңіз, - деді.
- Айт... айтуға рухсат...
- Бізге... тек Қойдың басын, баптап пісіріп берсе жетеді, -деді.
- Жарайды, келістік, - деп, оларды орнына жіберді.
Хонтайшы көмекшілерімен... ішек-сілелері қатқанша күліп ;
- Күнде күресінге лақтырып... "итке тастап" жүрген, қойдың басын сұрады,- деп ұзақ күле дуылдаса барып тоқтады...
Күндер зуылдап өтіп жатыр. Белгілеген уақыт та жетті. Олардың зынданнан шығуларын талап етті. Ұстазы мен Шәкірті... сергек секіріп далаға шықты да, тұрған жұртқа иіліп сәлем берді. Ол заманда - айтқан сөз... атылған оқтай - орындалатын-ды. Осылайша, - Абызы мен Шәкірті - аман-есен Еліне келеді. Күтпеген қуанышқа кенелген - Сегізоғыз тайпасы - ұлан-асыр той жасайды, Міне, осынау үлкен қуанышта Абыз-әулие - бүкіл ұрпағына аманат етіп - сыйлы қонақа бас тартуды дәстүрге айналдырған екен...
Манадан бері үнсіз тыңдаған азаматтар ризалық сезіммен ;
- Ғажап екен ?! Ешуақытта естімеппіз ! Сәке, өте көп рахмет ! - десіп жатты.
Тамақ үстінде де... бұдан басқа да бірсыпыра әңгімелер болды. Бірақ бәлендей "халық емшілігі" жайында тұшынатындай деректер айтылмады. Тамақ та ішіліп... ас қайырып, бата да жасалынды да, қол шайуға аулаға шықтық.
Даладағы ауа райы жайлы болған соң, жігіттерге қарап ;
- Азаматтар, онда "Тау бөктеріне" барып... бір сәт серуендеп қайталық ?!..- дедім.
Олар түгелдей хоштап... машинаға отырып, ірге де тұрған - "Талғар өзенінің" - тау қойнауындағы сағасына келдік. Ауасы ғажап екен... бірден сергітіп жіберді. Кезекпе-кезек екі-екіден де, топтасып та... суретке түсіп жатырмыз. Шіркін-ай, Қазақ жерінің табиғатана жетер не бар ?!.. Бұл арада да әңгімеміз жалғасып, күннің кешкіре бастағанын да аңғармаппыз. Таудан келісімен-ақ... жылы хоштасып, кідірместен Шаяхмет екеуміз Алматыға жүріп кеттік...
ІУ
Осылайша бүгінгі күн... өзіне тән сипатымен өте шықты. Ертеңгісін ғана танысқан Шаяхметпен... етене сырласып, оның ақынжанды мінезін ұнатқан тәріздімін. Мана Еркінбектің үйінде отырғанда, ол маған 2012 жылы шыққан - "Ар - Ақиқат" - атты өлең кітабын қолтаңбамен ұсынған еді. Соны хоштасарда қолыма ұстатып, үйге келісімен тәңертеңгі сөз еткен - "Өтейбойдақ ғұламаның - Шипагерлік баяны" - жайындағы жазбаларды, "электронды почтама" салып жіберетін болды. Біз жылы хоштасып үйімізге тарастық...
Үйге келісімен жайғасып демала берген де, қалта телефоны қоңыраулатқан соң, қолыма алып ;
- Ало-о ?! - дедім.
- Аға, қайырлы кеш... сау-саламатсыз ба ? - деп, таныс дауыс жарқын-жарқын үн қатты.
Бірден таный алмай ,
- Ботам, бұл кім екен ? - деуге тура келді.
- Мен Талғатпын ғой... аға ?! Алдыңғы күні ҚазҰУ-де өткен - "әл-Фараби оқуы ашылғанда" - Сізге сәлем беріп, - "Қазақстан - Ауғанстан : жаңа буын диалогы" - атты ғылыми- конференцияға келуіңізді өтінген едім ғой...
- Иә-иә, есіме түсті. Үлкен адамдар кейде осылай...
- Жо-жоқ... аға, Сізге телефоннан бірінші рет хабарласып тұрмын ғой...
- Жарайды ботам.., мұны ұйымдастырушы кімдер ?
- "Болашақ республикалық қозғалысы" - Төрағасы Дәурен Бабамұратов - кеше "Фараби оқуында"- Сізді көрдім дегенім де, конференцияға шақыруды ұмытпа, - деп тапсырған еді.
- Ә-ә, солай ма ?!.. Қашан ? Қай жерде өтеді ? - деп сұрадым.
Көңілді үнмен ;
- Аға... бүрсүгіні, яғный, 13-ші апрель 2016 жылы - " Қазақстан қонақ үйінің" - екінші (2-ші) қабатындағы залда өтеді - деп, міндетті түрде келуімді өтінді.
Жайдары сөйлеп ;
- Уәде, Талғатжан... келемін, - дедім.
- Рахмет аға ! Бастығым - Дәурен де - қуанатын болды, - деп жылы хоштасты.
Келесі күнібойы - "Шипагерлік баян" - туралы жазылған мақалаларды оқып, Шаяхметтің - Ар-Ақиқатын" - да қарап шықтым. Өлеңдері - терең де... мағаналы - жазылғанына ризалық сезімде болдым. Осы әсерді сезінгендей... Шаяхмет те кешке жақын телефон шалып ;
- Ас-салау- маға- лей -кум, аға... қалайсыз ? Материалдарды алдыңыз ба ? - деп, көңілді сөйледі.
- Алған түгіл... түгелдей оқып та шықтым.
- Қойыңыз шы, аға...
- Тіпті, Сенің өлеңдеріңді де... әр жерінен оқып, риза әсердемін, - дедім .
- Аға-тай-ау, не деген жылдамдық пен жыйнақылық, - деп, демін тарта... қатты таңырқады.
Шаяхметтің онысына күліп ;
- Саған кеше айттым емес пе ? Ұқыптылық пен уақыт дәлдігі - ерекше әдетім, - дедім де, оны - 13-ші апрелде - Хазарлармен болатын... конференцияға шақырдым. Ол балаша қуанып, сол күні машинасымен сағат 9-жарымға (9.30) келетін болды...
Айтылған күні Шаяхметпен "Қазақстан" қонақ үйінің 2-ші қабатына келсек, жұрт жыйналып қалыпты. Ортадағы дөңгелек стол мен залдағы орындықтарға - біраз адамдар жайғасыпты. Біздер келген бойда - стол басына орналастық ...
Ауғанстаннан келген делегация - 15 адам екен, оның 4-еуі парламент депудаттары - (Ахмет Бехзат - Мохаммад Али Ехалаки - Мохаммад Хуссейн Фахими - Мохаммад Риза Хошак) - болса, тағыда 4-еуі Ибн Сина универсмтетінің ( Закир Хуссейн Ершад - Мохамад Джавад султани - мозаффар Хавари - Муджахида Ходжа Зада ) - ұстаздары келіпті. Сонымен қоса, бірнеше азаматтық белсенділері мен осында оқыйтын студенттері жыйналған екен...

Белгіленген уақытта ғылыми-конференцияның ашылуын хабарлап - Дәурен Бабамұратов - кіріспе сөз ; - Жазушы‑дәрігер, фантаст, драматург, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Медицина жне Педагогика ғылымдврының докторы, профессор, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, Зайсан ауданының құрметті азаматы, Махамбет сыйлығының лауреаты. Халықаралық М.Нострадамус атындағы академияның толық мүшесі – академик Cовет‑Хан Ғаббасұлына - берілетінін айтты..
Мен орнымнан тұрып ;
- Армысыздар азаматтар... алыстан келген құрметті қонақ-бауырлар ?! - дедім.
Дәурен сыпайы ғана ;
- Сәке, отырып.., аудармашы бар... жайлап сөйлесеңіз екен, - деп ескертті.
- Жарайды ?!
Мен орныма отырып ;
- Құрметті Хазар бауырларым... Қазақ Еліне келген қадамдарыңа гүл бітсін ?! Отырған жұртқа аздап "тарихи деректерден" сыр шертейін. Қалғанын -хазар бауырларым - өздері айта жатар...
- ...Хазар халқы мен хазар мемлекеті - 7 ғасырдан 10 ғасырға - дейін Еділдің төменгі сағасында өмір сүрді. Бұл батыл әрі жауынгер тайпа болды. Хазарлар елі Қаратеңіз бен Каспий теңізіне дейінгі аумақты алып жатты. Хазарлар Түріктер болғандықтан... алғашқы уақытта, олар Батыс түрік қағанатының құрамына енді. Кейін олардың қарауынан шығып, өз елдері мен мемлекетін құрды...
Хазарлар Еуразияда - араб экспансиясымен - түйісіп қалған, ең бірінші мемелекет болды. Кавказда 642 жылы арабтармен... олардың бірінші шайқасы өтті. Бірінші соғыс кезінде, арабтардың әскербасы мерт болып, хазарлар жеңіске жетеді. Шайқас Баланжир деген жерде өтеді. Бұл хазар ханының ордасы тұрған жер еді. Кейінірек - хазарлар ордасының - орнын ауыстырып, Самандарға көшіреді. Содан кейін Еділ (Итель) бойына қоныстанады. Арабтар мен хазарлардың екінші соғысы 772-773 жылдары болады, бұл жерде хазарлардың жолы болмай, олар жеңіліс табады, - деп сөзімді қысқартып ; - Одан кейінгі кезеңдердегі жағдайын өз ауыздарынан тыңдайық... - деп сөзімді қысқа қайырдым.
Ду қол шапалақтаған жұрт ;
- Рахмет ағай...
- Тамаша, - десіп жатты.
Мен қолымды көтеріп ;
- Қазақ тілімен... Хазар тіліндегі... ұқсастық қандай ? - дедім.
Дәуреннің жанында отырған Хазар жігіті - аударма бойын ша ;
- Ағай, қазіргі жастар Парсыша сөлегенмен... Ата-анамыз - ата - әже - бала - отан -
нан - күн - түн - деп, бұрынғы кездегі Хазар тілінде сөйлейді.
Мен рахаттана күліп ;
- Бәре - келді, міне нағыз керемет осы ! - дедім. Тағыда отырғандар дүркірете қол соқты.
Жалпы отырыстың тақырыптары - тарихы мен ұлттық байланысы - мәдениеті - ынтымақтастығы - жаңа буын диалогы - деген тараулермен жүйеленіпті. Ауғанстаннан келген қоғам қайраткерлері мен ғалымдары түгелге жуық сөйледі. Әр бөлімнен кейін - кофе-брейк- пен үзіліс жасалынып тұрды.

Кездесудің соңында Хазарлармен түскен фото - 13. 04. 2016ж.
Түскі астан кейінгі отырыста, экран арқылы Хазардың - күй - жыр - толғау - әуендерінің түсірілімдерін көрсетті. Мұндағы ерекше әсер еткен - домбыра құрылымы - десе болады. Хазарлар да өздерінің музыка аспабын - домбыра - деп атайды екен. Домбыраларының құрылымы - қазақ домбырасына - ұқсағанымен... өзінше бір ерекшелігі сол, шанағының алдыңғы бетінде - дөңгелек тесігі - болмайды екен...
Көрсетілім аяқталысымен-ақ, мен отырған жұрттың тыңдауын сұрап ;
- Мынау - хазар домбырасынан - қандай тарихи деректің ізін байқадыңыздар ? - дедім.
- ?!
- Үндемеулеріңе қараған да... байқамаған тәріздісіңдер...
Әр жерден алма-кезек ;
- Аға, шыны керек... шанағының - алдыңғы бетіндегі тесігінің - жоқтығынан басқа, ештеме де байқамадық, - деген дауыстар естілді.
Сәл қолымды көтеріп ;
- Өте дұрыс байқапсыңдыр, міне осы - жалғыз дерек - халқымыздың өткен тариыхынан сыр шертіп тұр. Мана Хазар тариыхынан келтірген... уақыиға бойынша, Хазар мемлекеті 9-шы ғасырдың аяғында-ақ ыдырап, жан-жаққа шашырай бастағаны белгілі. Хазар домбырасының шанағындағы тесіктің жоқтығы, сол ескі тарихтың белгісі сияқты. Ал қазіргі- қазақ домбырасының бетіндегі тесік - кешегі 13-ші ғасырдағы Шыңғысханға... Жошының өлімін естіртіп, Кетбұғаның тартқан - Ақсақ құлан" күйінен кейін, қорғасын құйып тесілетіндігі... көне аңыз арқылы айтылады ғой. Міне, осынау шағын ғана деректің өзі тарихтың кілтін ұстап тұрғандай емес пе ?... Сондықтан да, - тарихтан үлкен ұстаз жоқ - дейтін қағидалы сөз бар. Ұлттық тарихын реттеп түгендемеген халық тозады. Сондықтан жүйеленген тарихыңды көздің қарашығындай сақтау керек. Бүгінгі отырыстың теңдессіз терең маңыздылығы да...осы болса керек !!.. Ата-тегі бір - Қазақ пен Хазар - табысуда ?! Қайырлы болсын !!...
Түсінігі мол азаматтар ;
- Ағатай... алғыс !
- Ризамыз ! - десіп жатты.
Бүгінгі кешке дейін созылған - Қазақстан -Ауғанстан : жаңа буын диалогі - атты ғылыми-конференцияның берген ләззаты өте мол болды. Осыны ұйымдастырып жүрген - Дәурен мен Талғат - бауырларымызға ризашылығымызды айтып, жыйыннан аса үлкен көңілділікпен қайтқан едік. Осы мақала арқылы көпке жеткізуді... міндет санадық...
Алматы - 15. 05. 2016 жыл.
СоветХан Ғаббасов
Академик, жазушы-дәрігер, фантаст, драматург, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Медицина жне Педагогика ғылымдврының докторы, профессор, КСРО денсаулық сақтау ісінің үздігі, Зайсан ауданының құрметті азаматы, Махамбет сыйлығының лауреаты, Халықаралық Нострадамус атындағы академияның толық мүшесі.