Кәсіпқой бокста «Қазақ» деген атпен танымал жерлесіміз Қанат Исламды бүгін отандастары Алматы әуежайынан күтіп алды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Қазақ халқының мақтанышы Қанат Ислам Америкадан кезекті жеңісімен оралып отыр. 9 мамыр күні жерлесіміз колумбиялық боксшы Хуан де Анхельмен кездесіп, 6-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын.
Қанат Исламды кәсіпкер Бауыржан Оспанов, Құсман Шалабаев, Амалбек Тшан, Ермахан Ибраимов бастаған ел азаматтары салтанатты жағдайда күтіп алды. Даңқты боксшыны күтіп алу үшін Алматы халықаралық әуежайына 300-ден астам адам жиналды. Алматы жұрты Қанат Исламды Құрманбек Әлімғазы мен Риза Қайырбайдың орындауындағы "Көк тудың желбірегені" әнімен қарсы алды.
Боксшы өзіне ерекше сый-құрмет көрсетіп, зор үміт артқан отандастарына зор ризашылығын білдірді.