Олжас Сүлейменовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

/uploads/thumbnail/20170709012837725_small.jpg

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Олжас Сүлейменовке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді, - деп хабарлайды Qamshy.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

О.О.Сүлейменовке жоғары дəрежелі ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы

Қаулы етемiн:

1. Отандық әдебиетті дамытуға қосқан айрықша үлесі, сондай-ақ бейбітшілік пен азаматтық келісімді нығайтуға бағытталған белсенді қоғамдық қызметі үшін ақын, қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовке жоғары дəрежелі ерекшелік белгісі - «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 17 мамыр. №263

Қатысты Мақалалар