Мәслихат депутаты ұлының жасаған қылмысын түрлі әрекетпен жапқысы келген (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709012842413_small.jpg

«Депутаттың баласы жауапқа тартылмайды деген Қазақстанда заң бар ма?!» Дәл осылай деп Алматы облысының тұрғыны Мақсат Қошмағанбетов шағымданып отыр. Айтуынша, Қапшағай қаласының мәслихат депутаты Серікбай Нұржанов ұлының жасаған қылмысын түрлі әрекетпен жапқысы келетін көрінеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz 31 арнаға сілтеме жасап.Тіпті жәбірленуші тарап, халық қалаулысы ұлымның жасаған қылмысын жасырсаңдар, жағдайларыңды жасаймын деді дейді. 

Оқиға осыдан тура екі жыл бұрын Қапшағай қаласында болған. Самғат Мақсатұлының айтуынша, дәл осы клубтың алдында Айбек Нұржанов есімді азамат бір жігітпен сөзге келіспей қалады. Насырға шапқан сәтті көрген соң танысым болғандықтан Айбекті арашаламақ болдым дейді Самғат. Бірақ күтпеген жерден травматикалық қарудан атқан Айбектің оғы менің көзіме тиіп, оң жанарым ағып кетті-, дейді  Қапшағай тұрғыны.

САМҒАТ МАҚСАТҰЛЫ, Жәбірленуші:

- Ата бастады. Мен артынан жүгіріп тоқтатайын деп ойладым. Көрді, мен артынан жүгіріп бара жатқанын біліп тұрып, артына қарады да мені атып түсірді. Оң көзім жарақат алды. Оқ әлі тұр. Көзім көрмейді. Протезбен жүрмін.

Жәбірленуші тараптың сөзінше, Айбек Нұржанов бұған дейін құзырлы органда қызмет еткен. Осы оқиғадан кейін бірден жұмыстан шығып, көрінбей кеткен екен. Ал, бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, іздеу жарияланған. Полиция істің заңды негізде жүргізіліп жатқанын айтады.

ӘСЕТ ЖОЛДЫБАЕВ,  Қапшағай қалалық ІІБ аға тергеушісі:

- 2014 жылы күдікті халықаралық іздеуге жарияланып, сот қаулысы  бұлтартпау шарасына қамау  қаулы қабылданған. Ағымдағы жылдың сәуір айында күдікті ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің  128 бабына сәйкес ұсталып, қылмыстық іс заңдылыққа сәйкес сотқа жіберілген. Сот қаулысы негізінде бұлтартпау шарасы кепілге өзгертіліп, нақты уақыт қылмыстық іс аяқталу барысында және ағымдағы жылдың мамыр айының 25-не дейін қылмыстық іс айыптау актісімен Қапшағай қаласының прокуратурасына жолданады. Одан ары сотқа жолданады.

 МАҚСАТ ҚОШМАҒАНБЕТОВ, Самғаттың әкесі:

Қапшағай қаласының депутаты Серікбай Нұржановтың баласы Айбек Нұржанов менің балама оқ атып, көзін ағызып жіберді. Әкесі-шешесі кешірім сұрап келді. Балаңның жағдайын жасап береміз, бірақ сендер показанияны өзгертесіңдер,  менің баламды атқан жоқ деп басқа біреуді көрсетесіңдер.

Жәбірленуші тарап осылайша халық қалаулысының өзі бізге ықпал етті деп ашынады. Ал мәселенің мән-жайын білуге барғанда, Мәслихат депутаты Серікбай Нұржановты жұмыс орнынан таппадық. Тіпті Серікбай Нұржанов үйінде де болмай шықты, қоңырауымызға да жауап бермеді.

 

Қатысты Мақалалар