Алматы қаласындағы мектептерде 6 773 түлек үшін соңғы қоңырау соғылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда жалпы 201 963 оқушы білім алады. Соңғы қоңырау шарасы 201 мектепте өтіп жатыр.
Қала әкімі 1936 жылы ашылған №83 гимназиясының салтанатты шарасына қатысты.. "Тәуелсіздігіміздің биыл атап өтіп жатқан 25 жылдығы сіздерге және сіздердің болашақтарыңызға арналады. Бірінші кезекте бұл біздің қоғамдағы бейбітшілік, келісім және тұрақтылық, бұлар жетістігіміздің іргетасы, оны барлығымыз сақтап, қуатты ете түсуіміз керек", - деді Бауыржан Байбек.
Соңғы бес жылда Алматыда білім беру жүйесін қаржыландыру 57,5 миллиард теңгеге жеткен. Сондай-ақ, 12 жалпы білім беру мектебі пайдалануға берілді, оның ішінде 10-ы қазақ тілінде білім береді.