Соңғы кездері қазақ қыздарының шетелдіктерге тұрмысқа шығуы жиі көрініске айналды. Осы орайда ztb.kz сайты шетелдіктердің қазақ қыздарының жүрегін қандай айламен жаулап алатынын жария етті деп хабарлайды Qamshy.kz Nur.kz –ке сілтеме жасап.
Сонымен, дала қызымен қарым-қатынас орнатуда шетелдіктер неден аулақ болуы тиіс?
1. Борат туралы әзілдей көрмеңіз

Сіз ол фильмді көріп, оны қызықты деп тапсаңыз да, қазақ қыздары Борат фильмін Қазақстанмен байланыстырғанды жақтырмайды. Оны айтсаңыз бойжеткеннің алдында деңгейіңіз лезде түсіп кетеді. Тіпті бұл әзіліңізге ол тек мәдениеттілік сақтап, күле салды деп айтуға болады.
2. Оның есімін дұрыс айтыңыз
Қыздың есімі 90 пайызға күрделі болса да, оны дұрыс айтып тұрғаныңызға көз жеткізіңіз. Есімі нендей мағына беретінін де сұрасаңыз артық етпейді.
Ал егер бойжеткен сүйіктіңізге айналса және есімін дұрыс атауға әлі де қиналып жүрсеңіз, оған "жаным" десеңіз де болады.
3. Бірінші болып қадам жасаңыз
Ол сізге ессіз ғашық болса да, оны білдірмеуге тырысады. Қазақ қызы үшін ар-ұят қашан да бірінші орында. Ол өзінің құнын түсірмейді және сіздің бірінші болып қадам жасағаныңызды күтеді. Ер адамша әрекет етіңіз. Және гүл сыйлауды да ұмытпаңыз.
4. Өзіңізді дұрыс ұстаңыз
Қазақ қызының көзінше жаман әдеттеріңізді көрсетпеуге тырысыңыз. Ол сізден есік ашып, құрметпен кафе орындығына жайғастыруыңызды күтеді.
5. 15 минут = 60 минут
Қазақ қызымен кездесетін күні оны 15 минуттан артық уақыт күтуге дайын болыңыз. Себебі, ол сізбен кездесу үшін сәнделудің өзіне бірталай уақытын жұмсайды.
6. Жылқы, ендігі сіз үшін үй жануары емес

Қазақтар жылқы етінен тағам жегенді ұнатады. Сол себепті, жылқы етінен бешбармақ жеуге дайындала беріңіз. Қымызды да ішуге тура келеді.
7. Бір көргеннен сіз оның ішкі жан-дүниесіне үңіле алмайсыз
Бір қарағанда, қазақ қызы өзімшіл, кеудесі жерге тимейтін бойжеткен секілді көрінеді. Алайда олар шынайы жайдарлы ішкі жан-дүниесін сізді тек әбден танып білгенде ғана көрсете бастайды. Сол себепті, бірден ол туралы ой түюге асықпаңыз.
8. Кешкі асқа міндетті түрде сіз төлейсіз

Қазақ қыздары ер адамды асыраушы ретінде қабылдайды. Ал өздерін үй шаруасын қадағалауға міндетті жан деп біледі. Қазақ қызы сіз сұрамай жатып, киіміңізді үтіктейді, сүйікті тағамыңызды әзірлеп, сізге бар махаббатын арнайды. Алайда, әңгіме кездесу мен кешкі асқа келгенде, "еуропалық үлгімен, шығынды екеулеп төлейік" деген әңгімеңізді оң қабылдай қоймайды. Сіз шақырдыңыз ба, онда сіз төлеуге міндеттісіз.
9. Ақылы көркіне сай
Қазақ қыздарының арасынан сауаты жоғын кезкітіру мүмкін емес. Ол кемінде бакалавр дәрежесін алып шығады. Үш тіл білуі де ғажап емес. Ол кітап оқып, өнер, әдебиет пен тарихтан көзі ашық болады. Бұл орайда, сіздің де ақылыңыз одан кем түспеуі керек.
10. Спорттан хабарыңыз болуы керек әрі бойжеткенге қорған бола алуыңыз маңызды

Геннадий Головкин туралы естімедіңіз бе? Онда уақыт жоғалтпай, спорт саласын танып-білуге асығыңыз. Қазақ ерлері міндетті түрде бір спорт түріне ден қойып, сүйіктісіне қорған бола алатындай өздерін шынықтырады. Сіз олардан қалыс қалмауыңыз керек.
11. Қазақстан туралы көбірек білуге тырысыңыз
Қазақстан жер үлкендігінен әлем бойынша тоғызыншы орында екендігін білесіз бе? Ал Қазақстан әлемдегі ең ірі ғарыш айлағының отаны екенінен қаншалықты хабардарсыз? Сіз білуіңіз тиіс дүниелер жетіп-артылады. Қазақстан туралы азын-аулақ болса да білетініңіз оның көңілінен шығары анық.
12. Тәжірибе жасаудан қорықпаңыз
Қазақстан - көшпенділердің елі. Жаңа жерді зерттеп, жаңа дүниелерге үйрену қазақ қызының қанында бар. Сол себепті, шытырман саяхатқа бірге барып, жаңа тағам түрлерінен бірге дәм татудан бас тартпаңыз.