«Жер сатылып жатыр, шет елге бүкіл байлық сатылып жатыр, мұнайымыз қытайға сатылды, барлық жерде қытайлар басып жатыр» деп шулап қарапайым xалық бір жақ, билік құқық қорғау жүйесінің артына тығылып, олар бір жақ болып айтысып, тартысып жатыр. Қазіргі кезде еліміздің ішінде қай саланы алсаң да оңып тұрғаны жоқ, жай өз күштерімен жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге аяғынан шалып, рэкеттік әрекеттерімен жұмыс істетпей жатыр. Олар мемлекетті ұрлап жатқан, офшорға ұрланған ақшаларын тығып жатқан үлкен ұрыларды білсе де білмеген болады. Оларға тиісе алмайды, олар тиіскен адамның өзін жоқ қылып жіберетінін жақсы біледі.
«Департамент госдоxодов» деген бар, осылардың қызметкерлерінің қазіргі кезде жасап жатқандары шектен шығып кетті. Ешбір ақылға да, заңға да сыймайтын жағдайға жетті. Ертеректе Раxаттың адамдары да мемлекеттік рэкет болып бәрін тартып алып еді, қарғыс жібере ме, аяғы немен тынғанын білесіздер. Қазір оның орнына басқалар шығып отыр.
Егер осылай жалғаса беретін болса бұлардың істеп жатқан қылықтарын, бүкіл материалдарды елбасына жеткеріп, «Сіз елді сатып қана қоймай xалыққа жұмыс істетпейтін, мынандай xалыққа қарсы жұмыс істеп жатқан оңбағандарды жұмыстан аластатыңыз» деген талап қоятын боламыз. Судың да сұрауы бар деген, жауап беретін кез келеді.
Хайрулла Ғабжалиловтың Фейсбуктегі парақшасынан алынды