Қарағандыда басшысы жоқ мектеп бизнес көзіне айналған (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709014756371_small.jpg

Қарағандыдағы екі жарым мыңнан астам оқушысы бар №101 мектеп-лицейі бизнестің көзіне айналған, , деп хабарлайды Qamshy.kz 31 арнаға сілтеме жасап.

Сыртынан қарасаң кәдімгі мектеп. Кіріп-шығып жатқан оқушы ұстаздар. Ал, ішінде жиһаз шығаратын шеберхана бар екен.Оның қызметі қаншалықты заңды, заңсыз екенін прокурорлар анықтайды. Тексерістің қорытындысы екі күннен кейін белгілі болады деді.   Бір қызығы, шеберханада ағаштан жасалатын үстел-орындықтарды оқушылар дайындайды деген цех инженері жиһаздардың бағасын белгілеп қойыпты.

Қаладағы мектеп-лицейлердің бірінде кәдімгі үй жиһаздары дайындалатынын естіп, тапсырыс беруді жөн көрдік. Телефон арқылы өзін Серікпін деп таныстырған азамат тапсырыс қабылдауға дайын екен. Тіпті «орындықтар мен үстелдерді қалауыңызша дайындаймыз»,  -деп ағынан жарылды. «Тек тапсырыс берсеңіз болғаны, түрлі түстегі матамен қапталған тауарды аз уақыттың ішінде әзірлеп береміз»,  -дейді. 

- Дайын жиһаздардан алсаңыз, жақсы жеңілдік жасап берейін. Қандай түс қалайсыз?

- Қара түсті болса...

- Сіз біздің орындықтардан таңдаңыз, ал түсін қалауыңызша жасап беруге тырысамыз. 

Серік есімді азаматтың айтқанынан түсінгеніміз.

Мектеп қабырғасында дайындалатын жиһаздардың құны мынадай: Ағаштан жасалған үстел - 44 000 тг, арқасы бар орындықтардың бағасы - 7800 - 16 000 тг дейін. 

Дүкендегі жиһаздардан еш айырмашылығы жоқ үстел-орындықтарды дайындайтын мектептегі шеберхана, міне.  Бір емес, екі бірдей шеберханада да жұмыс қызу қарқында жүріп жатыр. Ал жиһаз жасауға телефон арқылы тапсырыс қабылдаған Серік есімді бұл азаматқа түсірілім тобы аса ұнай қойған жоқ.  «Шеберхананың жұмысы заңды, цехта тек оқушылар жұмыс істейді»,- деді.

Ал  прокуратура өкілдері мектеп-лицейді тексеруге кірісті. Қызығы, шеберханада күні кеше ғана тұрған құрал-жабдықтарды білім ошағынан таба алмадық дейді.

ЖАНҚОЗЫ НАКИШЕВ Қазыбек би аудандық прокурорының орынбасары:

- Бұл әрекеттері бейнеде көрсетілген бұл заңсыз болып табылады. Әрине, бүгін барды біздің қызметкеріміз соны тексеріп. Бірақ та қазіргі уақытында бұл шеберханасында жаңағы видеода көрсетілген үстел, нелер жоқ.

Тексеріс әлі екі күнге жалғасады деген құзырлы органдағылар тілшілер көрсеткен бейнежазба бойынша ғана әзірге заңсыз деген қорытынды шығарды. Бірақ түпкілікті шешім бірер күннен кейін шығады. Ал білім беру заңының 63 бабына сәйкес, оқу орнының ережесіне енбеген жұмыспен мектеп қабырғасында айналысу заңсыз,- дейді құқық қорғаушылар. Айта кету керек, аталмыш мектеп-лицейдің бір жылдан бері басшысы тағайындалмаған екен.

Қатысты Мақалалар