Астанаға көлікпен кіру ақылы болуы мүмкін

/uploads/thumbnail/20170709020331103_small.jpg

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің отырысында ақылы көлік тұрақтары мәселесі қаралды. Бірінші кезең аясында сол жағалауда көлікке арналған 910 орын қамтылады, - деп хабарлайды Qamshy.kz Астана қаласының әкімдігіне сілтеме жасап. 

Қазіргі кезде ақылы тұрақты пайдаланғаны үшін базалық тарифті бекіту туралы қаулы әзірленіп жатыр. Есептеулер бойынша ол 182 теңгені құрауы тиіс, бірақ әлеуметтік маңыздылығын ескере келе, сағатына 150 теңгеден белгілеу ұсынылып отыр. Мүгедектігі бар адамдар тұрақты тегін пайдаланады.

-Бүгінгі таңда қалада тәулігіне 400 мыңға жуық көлік тіркеледі, сондай-ақ, елордаға алты бағыттан тәулігіне 74 мыңға жуық көлік келеді, бұл көлік қою жағдайларын қиындатып, көлік кептелістерін және т.б. жағдайларды тудырады. Трафикті ең тиімді шектеудің жолдарының бірі қала кіруді ақылы ету болып табылады. Біз қала аумағында көшелердің белгілі бір учаскелерін ақылы қылуды ұсынамыз, - деді қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Еділ Сүлейменов.

Нақты қай учаскелердің ақылы болатыны әзірге белгісіз. Қоғамдық кеңес мүшелері осы мәселеге қатысты көп ескерту жасап, сөгіс айтты. Осыған байланысты ақылы тұрақтар жобасы бойынша Қосымша құжаттар, түсіндірмелер, сызбалар сұратып, мәселені Қоғамдық кеңестің келесі отырысында қарау туралы шешім қабылданды. Қалаға кіруді ақылы ету бойынша ешқандай қорытынды шығарылған жоқ.

Сүйлейменовтың айтуынша, қазіргі кезде 86 қалалық маршруттың 64-і шығынды болып келеді, 90 теңгелік тариф 2014 жылы енгізілген, сәйкесінше, екі жылда экономикалық жағдай өзгерді. Сондықтан тарифті көтермеу үшін субсидиялау керек.

 

Қатысты Мақалалар