Алматыда саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарына ескерткіш қойылады

/uploads/thumbnail/20170709020336962_small.jpg

Алматыда саяси қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш қойылады. Алматы әкімі Бауыржан Байбек бүгін саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған жиында осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Qamshy.kz хабарлайды.

Ашаршылық зардабы мен саяси қуғын-сүргін туралы сөз алған Бауыржан Байбек бүгінгі бейбіт өміріміздің, еліміздің гүлденуінің бір кепілі кешегі Алаш қайраткерлерінің жанкешті қызметі екенін айта келіп, жақында Алматыда Наурызбай батыр мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы саябақта саяси қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш орнатылатынын мәлімдеді.

«Елбасының тапсырмасымен Алматыдағы Қарағайлы саябағына зәулім ескерткіш тұрғызылатын болды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеу аясында ескерткіш жобасына байқау жарияланады», - деді қала басшысы.

Қала әкімінің бұл мәлімдемесін іс-шараға жиналған жұртшылық жылы қабылдады.

«Біз жиырма жылдан бері талап етіп келе жатқан мәселе бүгін нақты шешілгеніне куә болып отырмыз. Бұл – үлкен жеңіс. Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылықтың тарихымызда алар орны зор. Ол халық санасынан өшпеуі керек. Азаматтардың ендігі міндеті Астанадағыдай, Алматыдағы Мирзоян көшесінің атын өзгертуге қол жеткізу», - дейді саясаткер Мұхтар Тайжан. Саясаткер сондай-ақ, ашаршылық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарына құқықтық мәртебе беретін арнайы заң қабылдаудың да күн тәртібінен түспейтінін атап өтті. 

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуге арналған жиынға Мұхтар Шаханов, Смағұл Елубай бастаған зиялы қауым өкілдері, қоғамдық-саяси ұйымдардың жетекшілері, белсенді азаматтар қатысты.

Қалада осы қаралы күнге арналған іс-шаралар әлі жалғасуда. Қазір Алматы қаласының Орталық мешітінде құрбандар рухына құран бағышталып, «Жұлдыз» мейрамханасында ас беріледі.

Сондай-ақ, осы іс-шара аясында азаматтық белсенділер мен журналистерге тәуелсіз "Азаттық" сыйлығын табыстау рәсімі өтуде. 

Қатысты Мақалалар