"28 панфиловшылар" әскери драмасының прокатқа шығатын күні белгілі болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Vesti.ru сайтына сілтеме жасап.
"28 панфиловшылар" фильмі 1941 жылы 16 қарашада Мәскеуді немістердің шабуылынан қорғаған генерал Иван Васильевич Панфиловтың қол астында болған 316-шы атқыштар дивизиясының кеңестік 28 жауынгердің көрсеткен ерліктеріне арналған. Фильмнің жұмыстары 2009 жылдан бері жүріп жатыр. Лентаның бюджеті - 150 миллион рубль. Оның 34 миллионын продюсерлер краудфандингтен түсіріпті. Ресейдің Мәдениет министрлігі 30 миллион рубль қаражат бөлді, ал қосымша 19 миллион рубльді Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі бөлген.
"Біздің жоба таяуда дайын болады және біз көптен күткен таныстырылымының уақытын жариялайтынымызға өте қуаныштымыз. Панфиловшылардың Дубосеково разъезінде көрсеткен ерліктеріне биыл 75 жыл толады. Кинокартинаның дәл осы жылы шығатынын және осы әйгілі ерліктің құрметіне арналған нағыз халықтық ескерткіш болатынын айта кету керек", - деді "28 панфиловшылар" фильмі мен CEOGaijin Entertainment продюсері Антон Юдинцев.