Шымкентте базар өртенді

/uploads/thumbnail/20170709020343337_small.jpg

Шымкентте базар өртеніп, өрт аумағы 210 шаршы метрді құрады, - деп хабарлайды Qamshy.kz Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төле би көшесіндегі базар 30 мамыр күні кешкі сегіздің кезінде өртене бастаған. Оқиға орнына 10 өрт сөндіру есебі мен жеке құрамның 50 адамы шықты.

Баспсөз қызметінің хабарлауынша, 6 дүңгіршек өртеніп кеткен. Базардың жалпы ауданы 2700 шаршы метрді құрап отыр, соның ішінде өрттен 210 шаршы метр жер бүлінді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрт себептері анықталу үстінде. 

Қатысты Мақалалар