Пәкістан билігі Равалпинди-Исламабад бағытында қатынайтын автобустың жұмысын іске қосты. Аталмыш автобустың ерекшелігі - оның жолаушылары тек әйелдер болмақ.
Бұл елде қоғамдық көліктерде ер азаматтар тарапынан әйелдерге зәбір көрсету және тіл тигізу жиі кездеседі. Телеарнаның хабарлауынша, тек қана нәзік жандыларға қызмет көрсететін арнайы тасымал құралын ашу бұған дейін бірнеше мәрте көтерілген. Алайда көп жағдайда қаржының жетіспеушілігіне байланысты, жоба аяқсыз қалып келген. Ал қазіргі бастамаға сәйкес, аталған автобус екі ай бойы қанатқақты жоба ретінде жұмыс істемек.
Айта кетерлігі, Пәкістанда әйелдердің қоғамдық көліктерде жиі кездесетін келеңсіздіктер үшін жұмыстар бас таруы жиі кездеседі. Егер жаңа автобустардың жұмысы жақсы жолға қойылса, ол әйелдердің теңдігі мен құқығын реттеуге септігін тигізер еді дейді көпшілік.
inform.kz