Ақтөбеде балықшыға жай түсіп, көз жұмды

/uploads/thumbnail/20170709020552436_small.jpg

Ақтөбе облысында балықшыға найзағай түсіп, қаза тапты, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

29 мамыр кешке Шалқар қаласынан екі дос көлге балық аулауға шыққан. Қайықпен су қоймасының ортасына дейін барған. Сол күні ауа райы қатты ыстық болғанмен, аяқ астынан күн құбыла бастады: жел көтеріліп, қайыққа жай түскен.

«Қайық аударылып кеткен, олардың біреуі жағалауға жүзіп шығып, полиция шақырған. Екінші 24 жастағы Ерсұлтан Тимуровтың мүрдесі бір жарым сағаттан кейін 5 метр тереңдіктен табылды», - деп хабарлады Шалқар ауданы әкімінің орынбасары Елемес Шотанов.

Қаза тапқан ер адам дене шынықтыру мұғалімі болған.

Естеріңізге сала кетейік, бұл ағымдағы жылда болған бірінші оқиға емес. Бұған дейін жай түсіп, адам қайтыс болу фактісі ШҚО тіркелген болатын.

Қатысты Мақалалар