Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында болған атыстың видеосы Instagram желісіндегі ZTB тобында жарияланды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Онда қара түсті "Мерседес" маркалы екі жол талғамайтын көлікті бірнеше машина, оның біреуі полиция көлігі қуып бара жатқаны, Мерседестен полицияға қарата оқ атылғаны, қашқан көліктің алдынан "Тигр" арнайы машинасы шығып тоқтатқаны анық көрінеді.
Ал, Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер бұл кадрлардың кино үшін түсірілгенін, қалада ешқандай арнайы операция болмағанын хабарлады.