Қазақстаның кәсіби боксшысы, әлем чемпионы Геннадий Головкин өзінің интернет-дүкенін ашты, - деп хабарлайды Qamshy.kz спортшының твиттер акаунтына сілтеме жасап.
«Тауарды осы жерден алып, GGG комнадасының бір бөлігі болыңыз!», - деп жазды Головкин. Интернет-дүкен Shopggg.com сайтында ашылған. Ол жерде GGG логотипі бар бейсболканы 33 долларға, жеңіл жейдені 30 долларға, полоны 50 долларға, ал қалың жейдені 60 долларға сатып алуға болады.