"Жігіттердегі" Айдар шәй шығара бастады

/uploads/thumbnail/20170709020705609_small.jpg

Жігіттер квартетінің мүшесі Айдар Тұрғанбек енді шәй шығарумен айналысатын болады. Бұл туралы Айдар Тұрғанбектің өзі инстаграм парақшасында жариялады.

Әншілік өнеріммен қоса кәсіпкерлік жұмыс бастап, бірге алып жүрмекпін дейді әншінің өзі. Сондай-ақ, алдағы уақыттарға жоспарлары бар екенін және жетістіктікке жететіндеріне кәміл сенімді екендерін айтты.

"Сіздермен жақсы жаңалығымды бөліскелі отырмын. Жақын арада еліміздің әр сауда орындарында «Айдар» шайы сатылымға шығады. Өнермен бірге қатар алып жүретін бұл менің жеке кәсібім. Бұйыртса бұл салада да біраз жетістікке жетсек деген жоспар бар. Кәсіпкерлік сапарыма сәттілік тілеп қойсаңыздар, қуанып қалар едім", - деді Айдар.

Қатысты Мақалалар