“Алашорда ақыны” – Таңжарық Жолдыұлы(Деректі фильм)

/uploads/thumbnail/20170708151651209_small.jpg

Аса мәртебелі оқырман! Ұсынылып отырған деректі фильм Алаш идеясының Қытай аспанында жанған жұлдызы  іспетті Таңжарық Жолдыұлының келте ғұмырынан сыр шертеді.  Сол кездегі Шыңжаңды билеген Шың Шысай өкіметінің қазақ зиялыларын түрменің түбінде шіріткен жауыздықтары ашық баяндалады.

Барсаңдар Үрімжінің қаласына,

Көзің сал қалтарыс, сай-саласына.

«Ұмытпа, өле-өлгенше осыны» деп,

Тапсырып кет балаңның баласына!

-деп өсиет қалдырған ақынның болашақ ұрпаққа нені «ұмытпа» дегенін жан төзгісіз азаптаулар бейнеленген фильм арқылы анық біле аласыздар…

Ақын не үшін Қазақстанға келді? Не үшін ат басын кері бұрды?

Шыңжаң қазақтарына нені насихаттап, нені үйреткісі келді?

Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары Таңжарық өлеңдерінен қалай көрініс тапты?

Ақын тағдыры туралы Қабдеш Жүмәділов, Нәбижан Мұхаметханұлы, Шара Таңжарыққызы, Тұрлыбек Мамесейіт не дейді?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Таңжарық тағылымы жайында не айтты?

Бұл сұрақтардың жауабын осы деректі фильмнен таба аласыздар.

Қамшы сілтейді

Қатысты Мақалалар