Түнде Алматыдағы Алғабас ықшам ауданындағы тұрғын үйдің бірінен адамдар шұғыл шығарылды. 200-ден астам тұрғын түн ішінде көшіріліп, қала әкімдіг келіскен қонақ үйлерге орналастырылды.
Алғабастағы үйлердің дені мемлекеттік бағдарламамен баспанаға мұқтаж азаматтарға берілген болатын. Тұрғындардың ішінде мүгедектер мен көп балалылар, ауыр науқастар да бар.
9 қабатты, екі подъезді үйдің қисайғанын байқаған тұрғындар түн ішінде ұлардай шулап далаға шыққан. Қазір үйді полиция күзетіп тұр. Қала басшылығы арнайы комиссия құрылып, мәселенің мән-жайын анықтайтынын айтқан.
«Кез-келген жоба мемсараптамадан өтеді, сосын барып құрылысты салуға МСҚБ рұқсат алады. Комиссия құрылатын болады, комиссия құрамына МСҚБ, ТЖ, әкімдік өкілдері және керек болып жатса бізде кіруіміз мүмкін. Төтенше жағдай кезінде ережелер осындай. Қарағандыда мұндай болған. Бізде Алматыда мұндай бірінші рет. Көптеген жағдайлар: Ташкентте, Шымкентте болған. Онда топырақ шөккен. Ол былай болуы мүмкін - жер астында жерасты сулары болады, олар арнасын ауыстырады. Құрылыс кезінде барлығы дұрыс болады, ол жерде жер асты өзені жоқ, бес-алты жылда бір өтеді, әрқалай болады, кейде 20 жылда өтуі мүмкін, және жер асты сулары "ойнақтайды". Бос кеңістік пайда болады. Негізінен осындай. Шымкентте мұндай болған. Ол жақтарды топырақ шөккен. Құмдардың шөгуін анықтау мүлдем мүмкін емес»,-дейді қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ғабит Садырбаев.
Тұрғындардың біршамасы түнде пәтерлерінен бағалы заттары мен азық-түліктерін алып шыға алмағандықтарын, әкімдік берген қонақ үйлердің лас екендігін айтып шағымдануда. Полиция тұрғындарды үйлеріне кіріп, керек заттарын алуға мүмкіндік бермеген көрінеді.
«Біз ол жақта қала алмадық. «Шаған» қонақүйі өте лас, темекі иісі сіңіп қалған, ол жақ бейберекет, ерлер мен әйелдер жыныстық қатынасқа түсуде,айғайлайды, бақырады. Ол жерде қалай қаласың? Менің кішкентай немерем бар. Бізге көлікте қонуға тура келді. Бізді кішкентай бөлмеге орналастырды. Мен, ұлым, келінім және кішкентай немерем бар, біз онда жата алмадық. Біздің пәтерімізде құжаттарымыз, азық-түлік, барлығы қалды, енді бізді онда жібермеуде. Енді не күтерімізді білмейміз, сірә жақсылықты күту бекер шығар», - дейді тұрғындардың бірі.
Тұрғындардың далада қалу қауіпі көрші үйде де бар. Замира Максумованың айтуынша олардың да үйінде жарылған жерлер бар және де жертөледе кей кездері су жиналады.

Ал, кеше Астанада жаз маусымының ашылуына орай «Болашақ энергиясы» тақырыбымен Астана Opеn Air деген концерт өтті. «Астана-арена» стадионында өткен ол концертте ресейлік жартылай жалаңаш әншілер сахнаға шығып, ол «Қазақстан» ұлттық арнасынан тікелей эфир арқылы көрсетілді. Концертті ұйымдастырушылардың қателігінен жиналған көпшілік бірін-бірі итеріп, бірнеше адам тапталып қала жаздаған. Осылайша, Алматыдағы шалағай ісі біраз тұрғынды әурелеген Ахметжан Есімов Астанаға барып та ештеңені жырғатып жатпаған сияқты. ЭКСПО-ның концертіне барғандар да, ұлттық арна экранынан көргендер де Есімовтің бұл ессіздігіне наразылық білдіруде.
Бұл жерде бір әкімді кіналағанмен іс бітпесі анық. Түбі жүйе өзгермей, әкім түзелмейтінін ел жақсы түсініп отыр.
Дархан Мұқантегі