Есентева мен Есқалиева құдағи болатын болды

/uploads/thumbnail/20170709020816438_small.jpg

Жақында "Кешью" тобының құрылғанына 10 жыл толып, танымал қыздар триосы елге есеп беру концертін өткізді, - деп "Ревю" бағдарламасы хабарлайды.
Концерт аяқталған соң, топтың продюсері Баян Есентаева өнердегі жақын достарын дастархан басына жинаған болатын. Баянның құрметті қонақтарының қатарында Айқын, Арман Дүйсенов, Әлішер Кәрімов, Санда, Аида Қауменова, Кентал, Нағима Есқалиева сынды шоу-бизнес өкілдері бар.
Көңілді кештің көрігін Нағима Есқалиева қыздырды. Ол "Кешью" қыздарының бірін ұлы Диасқа қалыңдық, өзіне келін етуге ниетті екенін айтты. Осылайша, ол Баян Есентаевамен құдағи болмақшы.
Қыздарына құда түскен соң, Баян да тартынып қалмаған. Ол Нағима Есқалиеваның жақсы құдағи болатынына сенімді.

Әзірге, Нағима Есқалиеваның келіні нақты кім болатыны белгісіз. "Кешью" қыздары да бұл ұсынысқа кетәрі еместігін жеткізді. Алайда, Есқалиеваның келіні болу үшін әлі 5-6 жылдай уақыт керек екен. Себебі, әншілер келісім-шарт бойынша жұмыс істейді.
Екі тараптың құдағи атануына келіскенін көрген әнші Бүркіт тез арада сырға салу керектігін ескертті.

 

Қатысты Мақалалар