Алматыдағы құлағалы тұрған үйді «Астана EXPO-2017» менеджері басқаратын компания салған

/uploads/thumbnail/20170709021036393_small.jpg

Алматы қаласы Алатау ауданы Алғабас ықшам ауданындағы құлағалы тұрған көп қабатты үйді «Астана EXPO-2017» менеджері басқаратын компания салған, - деп хабарлайды Qamshy.kz Today.kz-ке сілтеме жасап.

Кеше түнде тұрғындары шұғыл жағдайда көшірілген көп қабатты үйді салған «Астана-құрылыс» АҚ-ының президенті Болатқан Сандықбаев «Астана EXPO-2017 құрылыс дирекциясы» филиалының да басшысы көрінеді. Б. Сандықбаевтың сондай-ақ, Қазақ бас құрылыс және сәулет академиясы қамқоршылар кеңесінің де мүшесі екені анықталып отыр.

Естеріңізге салсақ, 1 маусым күні Алғабас ықшам ауданындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің бірі 32 сантиметрге қисайып, тұрғындары қауіпсіз жерлерге көшірілген болатын. Қазір үйдің не үшін мұндай күйге түскенін құрамына бірқатар мамандар кіретін арнайы комиссия зерттеп жатыр. Аталған үй 2013 жылы мемлекеттік коммуналдық құрылыс бағдарламасы аясында тұрғызылып, 2015 жылы пайдалануға берілген.

Арнайы комиссия апатты жағдайдың туындау себептерін ертең сағат 15.00-де жариялайтынын хабарлады.

Қатысты Мақалалар