Жүкті және бала емізетін әйелдер ораза ұстауға міндетті ме?

/uploads/thumbnail/20170709021141972_small.jpg

Әрине, жылына бір рет қана келетін Рамазан айын барлығымыз асыға күтетініміз анық. Алайда көбінесе әйелдер (тек әйелдерге тән жағдайларына байланысты, жүктілігі, емізулі т.б себептермен) ораза тұта алмай жатады. Хайыз, нифас т.б жағдайдағы әйелдердің оразасы жайлы келесі мақалаларымыздың бірінде жазатын боламыз. Ал қазір жүкті және емізулі баласы бар әйелдердің жайына жеке тоқталсақ.

Әнас ибн Мәлик (р.а) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Шынында, Алла жол жүріп бара жатқандарды ораза мен намаздың жартысынан (яғни, төрт рәкатты намаздар екіге қысқарады) босатты. Ал жүкті және емізулі әйелдерді (тек) Оразадан босатты» деген.

Егер әйел өзінің және баласының денсаулығына зиян келе ме деп қорықса, ораза ұстамауына болады. Бірақ қазасын басқа уақыттарда өтеуі тиіс.

Дереккөз: asylsoz.kz

Қатысты Мақалалар