ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 30 мамырдағы №304 қаулысымен запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
2016 жылғы 30 мамыр №304 Астана, Үкімет Үйі
Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы
«Əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Осы қаулыға қосымшаға сəйкес санда офицерлер құрамының лауазымдарында əскери қызмет өткеру үшін əскери қызметке жарамды жəне оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тəртіппен 2016 жылы екі жыл мерзімге əскери қызметке шақырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МƏСІМОВ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 мамырдағы №304 қаулысына қосымша
2016 жылы əскери-есептік мамандықтар бойынша əскери қызметке шақыруға жататын запастағы офицерлердің саны
Р/с № Əскери-есептік мамандық Саны
Офицер
1. Əскери-медициналық қызмет 50
2. Артиллерия 80
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі 40
БАРЛЫҒЫ 170