Бүгін Көкшетауда өтіп жатқан жер комиссиясының отырысында Ақмола облысының әкімі өзінің және туыстарының пайдаланып отырған ауыл шаруашылық жерлерінің көлемі 80 мың гектарды құрайтынын айтты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Кулагинге пайдаланып отырған жер көлемі туралы сұрақты комиссия мүшесі Мұхтар Тайжан қойды.
«Бүгінде барлығы 80 мың гектар егістік жерді пайдаланып отырмыз», - деп жауап берді С. Кулагин.
Мұхтар Тайжан сондай-ақ, жер комиссиясындағы құқықтық топ латифундистерге қарсы заң нормаларын әзірлеуді ұсынатынын, елдің кімде қанша жер барын білуге құқылы екенін атап айтты.