Дос Көшім: Жер реформасына байланысты қудаланған 51 адамға ескерткіш қоямыз

/uploads/thumbnail/20170709021405459_small.jpg

Жер комиссиясының мүшесі Дос Көшім жер реформасына наразыларды қудалау ісіне назар аудартты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Саясаткер Көкшетауда өтіп жатқан жер комиссиясының отырысында сөйлеген кей азаматтардың пікріне қарсылық білдірді.

«Өзі тарих қайталанады екен. Кезінде 1986 жылы да бізді нашақор, маскүнем деп айыптаған. Он жыл өткен соң атақ беріп, ескерткіш қойды. Бүгін қуғындалып жатқан 51 адамға да ескерткіш қоямыз ертең. Сондықтан митингке шығуға шақырғандарды дұрыс қабылдайық. Ертең барлығы өзгереді. Биыл 16 жыл. Бірақ, осында сөйлеген кей азаматтардың сөзіне қарасақ, 2016 жыл емес, 1936 жыл сияқты. Келер жылы 1937 жыл бола ма? Өйткені, прокуратура қазірдің өзінде кешегі митингке шығам деушілерді қаржыландыру көзін іздеуге кірісті. Оларды да 37-жылдардағыдай жапон тыңшысы етейік», - деген ол қазақ тарихындағы ереуілдердің маңызына тоқталды.

«Бізге тәуелсіздік аспаннан түскен жоқ. Ешкімнен сатып алмадық. «Беловежеская пущадан» сұрап алмадық. 1986 жылғы боздақтар алып берді тәуелсіздікті. Кешегі Шаңырақ оқиғасы да солай болды. Ел баспанасын қорғады, қаншама адамды қамадық, бір адам қаза болды. Бәрібір билік соларға кейін құжаттарын реттеп берді», - деген Д. Көшім мәселені ушықтырмауға шақырды.

Қатысты Мақалалар