МҰХТАР ТАЙЖАН АГРОБАНК ҚҰРУДЫ ҰСЫНДЫ

/uploads/thumbnail/20170709021402334_small.jpg

Көкшетауда өтіп жатқан жер комиссиясының отырысында саясаткер Мұхтар Тайжан агробанк құруды ұсынды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Саясаткер ауылшаруашылығы мен ауылдық өңірлерді қолдаумен айналысатын қаржы ұйымын құру арқылы Ұлттық банк қаржысын тиімді ұсынуға болатынын айтады.

«Ауылға неге көмектеспейміз. Ұлттық қордан 10 млрд ауылға неге бермеске? Тек дихандарға ғана емес, ол ақшаны жол, газ, су, медицина жағынан неге көмектеспеске?», - деген саясаткер агробанк арқылы ауылдың көптеген проблемасын шешуге болатынына сенімді.

М. Тайжанның бұл ұсынысын депутат В. Косарев те қолдады. 

Сондай-ақ, М. Тайжан митингке қатысқандарды қудалау мәселесін де көтерді.

«Қудалау туралы айтуға мәжбүрмін. Өткенде 15 тәулікке қамалғандар шыға бастады. Бірақ, Макс Боқаев, Жанат Есентаев, Махамбет Әбжан, Талғат Аян сынды жігіттердің үстінен қылмыстық іс ашылды. Өте ауыр баптермен ашылды. Тағы да айтамын, азаматтарды қудалау тоқтатылсын! Митингке шыққан адамдарды жамандауды тоқтатайық. Олар да біздің адамдарымыз. Мен өзім де митингіге өтініш берген адаммын. Тиісті органдарға тағы да үндеу жасаймын, қудалауды тоқтатайық. Осындай үстел басында ортақ шешімге келейік, қудалау керек емес», - дейді М. Тайжан.

Қатысты Мақалалар