Қарағанды әкімінің орынбасары қызмет уақытында смартфон ұстаудың жолын тапты

/uploads/thumbnail/20170709021445209_small.jpg

Қарағанды әкімінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жауапты орынбасары Арман Жұмекенов қызмет уақытында смартфон ұстаудың жолын тапты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Смартфон ұстауға рұқсат алу үшін шенеунік WhatsApp желісінен коммуналдық саладағы проблемалық сұрақтарды жинауға арналған «жедел нөмір» ашқан. Енді ол тұрғындар жіберген рұқсат етілмеген жерлерге төгілген қоқыс суреттерін көру үшін смартфонын үнемі жанында ұстап жүретін болады.

WhatsApp-тағы 87786238136 нөмірі Қарағанды қаласы әкімі Нұрлан Әубәкіровтің рұқсатымен ашылып отыр.

Қала әкімдігіндегілер мұндай тапсырманы облыс әкімінің бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаев бергенін айтады.

Қатысты Мақалалар