Америкалық даңқты боксшы Мұхамед Әли 75 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Боксшы Финикстегі ауруханалардың бірінде көз жұмған.
Британдық Mirror кеше боксшының тыныс алу жолдарындағы сырқатқа байланысты ауруханаға жатқызылғаны туралы хабар таратқан болатын.
Мұхамед Әли – әлем боксының тарихындағы әйгілі спортшының бірі, 1960 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы, ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы (1964-1966, 1974-1978), «Жыл боксшысы» атағының бес дүркін, «Он жылдық боксшысы» атағының иегері. 1974 жылы ол «ХХ ғасыр спортшысы» атағын иеленді. Бокстағы карьерасы аяқталған соң ол өз еркімен ЮНИСЕФ елшісі (1998-2008) болды. бокста барлығы 61 кездесу өткізіп, оның 56-сын жеңіспен аяқтаған, 37 нокауттың авторы.