Алматы әкімі Бауыржан Байбек Алағабас ықшам ауданындағы бір жағына қарай қисайған үйге барып, жағдаймен танысты, - деп хабарлайды Qamshy.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бауыржан Байбек ықшам аудан тұрғындарымен, аудандық әкімдіктің шенеуніктерімен және құрылыс жүргізген компания өкілдерімен кездесіп, мемлекеттік бағдарламамен аталған ықшам ауданда салынған барлық 29 үйдің жағдайын тексеру туралы нақты міндет қойды.
Естеріңізге салсақ, 1 маусым күні Алғабастағы 9 қабатты үйден тұрғындар көшірілген болатын. Эвакуацияға үйдің 32 сантиметрге жантаюы себеп болды. 3 маусым күні арнайы комиссия «Астана Құрылыс» компаниясы салған үйді құлату туралы шешім шығарған еді.