Алматы қаласының бас сәулетшісі Ғабит Садырбаев лауазымынан босатылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ғ. Садырбаев қызметтен босату туралы өтініш жазған.
Бас сәулетші міндетін атқару сәулет және қала құрылысы басқармасы бастығының орынбасары Жанат Айтілеуге жүктелді.
Ғ. Садырбаев 1954 жылы туған. Мамандығы – сәулетші. Әр жылдары Алматы қаласы, Оңтүстік Қазақстан облысында түрлі мемлекеттік қызметтерде болған. Соңғы лауазымына 2012 жылы тағайындалған.