Қазақстан бойынша лаңкестік қауіп деңгейі енгізілді

/uploads/thumbnail/20170709022246060_small.jpg

Еліміздің барлық облыстары мен Алматы, Астана қалаларында лаңкестік қауіптің сары деңгейі енгізілді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Мұндай шешім қабылданғанын ҰҚК төрағасы, лаңкетсікпен күрес жөніндегі республикалық жедел штаб жетекшісі Владимир Жумаканов мәлімдеді. Мұндай шешім Президенттің 2013 жылғы 9 тамыздағы жарлығымен бекітілген лаңкестік әрекет қатері туралы ақпаратты мониторингтеу және халықты құлақтандыру мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру ережесі негізінде қабылданған.

Енгізілген қауіптілік деңгейі туралы тұрғындарға СМС-хабарламалар жолдануда.

ҰҚК осыған байланысты тұрғындардан қараусыз жатқан, әсіресе сыммен оралған, техникалық құралдары бар заттарға (сөмке, қорап, орама, қап, чемодан, т.б.), қоғамдық орындар мен көліктерде күдікті адамдарға назар салып жүруге, күмәнді заттарға тиіспеуге, бейтаныс тұлғалардан күмәнді заттарды сақтауға немесе тасымалдауға алмауға кеңес береді.

Сондай-ақ, ҰҚК таратқан хабарламада тұрғындардың құжат тексерген құқыққорғау органдарының қызметкерлеріне түсіністікпен қарап, барынша оларға жәрдемдесу, мемлекеттік органдар таратқан ресми ақпаратты ғана басшылыққа алып, үрейге бой алдырмау сұралады.

Қатысты Мақалалар