Ауыратлет Седов шу шығарды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709022906284_small.jpg

Ауыратлет Владимир Седов Қазақстан чемпионатында дау шығарып, ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатына қатысудан бас тартты. Қазақстандық ауыратлеттің дау шығарғаны түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz – ке сілтеме жасап.

Бейнебаянда Владимир Седов помостқа шыққаны, бірақ штанганы көтермегені көрінеді. Мұның орнына ол жейдесін шешіп, қолында шайқап тұрып, "Міне сіздерге нағыз Олимпиада чемпионы!" деп айғайлайды. Кейін спортшы сыртқа шығып кетеді. Алайда Седов бұдан кейін қайта шығып, жейдесін алып, көрермендерге лақтырады. Айта кетейік, Седов киіп шыққан жейдеде ресейлік ауыратлет Александр Ивановтың суреті бар екен. Ол Лондондағы Олимпиада-2012-де қазақстандық Илья Ильиннен жеңіліп, екінші орын алған болатын. Ел біріншілігінің фавориті (94 келіге дейінгі тұжырым) турнирге қатысудан осылайша бас тартты.

Айта кетейік, 2009 жылғы әлем чемпионы Владимир Седов мансап жолын өткен жылы аяқтаған болатын. Алайда оның салмақ дәрежесіндегі екі спортшы допинг дауына ілініп, жарыстардан шығып қалғаннан кейін қайта оралған еді.

Қатысты Мақалалар