Кеше Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ақын, М. Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері, қоғам қайраткері Жүрсін Ерманның шығармашылық кеші өтті.
Кеште Жүрсін Ерман баптаған бір топ айтыс ақындары Құлманбет айтыс үлгісінде жырдан шашу шашып, ұстаздарына ерекше құттықтау жасады.