Шымкенттегі әскери бөлім жанындағы аудан қоршауға алынды. Полиция осындағы көшелердің біріндегі арықтан бірнеше граната тапқан, - деп хабарлайды Qamshy.kz TVK арнасына сілтеме жасап.
Облыстық ІІД баспасөз қызметі кейін ол табылған гранатаның оқу гранатасы екенін хабарлаған.
Телеарнаның хабарлауынша гранаталар Алпысбаев көшесі бойындағы «Военторг» ауданынан табылған. Осы ауданда Ұлттық ұланның бір әскери бөлімі орналасқан көрінеді.
Полиция табылған заттарды зерттеуге алып кеткен.