Лимонов "ескі әнін" қайта бастады: Орал, Ақтөбе,Семей...–орыстікі

/uploads/thumbnail/20170708151713157_small.jpg

  Путиншалдың  "шарик" күшіктері Қазақстанға қарап  шәуілдеуін  қайта  бастады.  Орыстың саясаткер-сымағы Эдуард Лимонов Қазақстанның Солтүстігі  мен Шығысын бөліп  алу керек екендігін айтқан бейнематериалы ғаламторды кезіп жүр.

Бұл материалда Лимонов: "Орыстар өздері негізін  қалаған қалалар мен атын  атаған жерлерді  қайтарып  алу  керек. Орыстар  қоныстанған  елді–мекендер Ресейге  қайтарылуы тиіс. Актюбинск,  Петропавловск, Семипалатинск,  Павлодар, Усть-Каменогорск ... – бұлар орыстың  қалалары. Қалайша ол  Қазақстанның жері болуы керек?" – деп бөсті Лимонов.

Бұл Лимоновтың бірінші рет Қазақстанға  көз  алартуы  емес.  Осыған дейін ақпан айында: “Қазақстанда мемлекетке  қолайсыз девальвация,  президент  Назарбаев  қартайып  барады, нақты  мұрагері  жоқ”,- деп  жазған.  Facebook парақшасында.  Ол: "Украинаның да  тағдыры Ресеймен  байланысты,  шығыс аймақтары  да Мәскеудің  қол астына кіру  керек" деген болатын.  Бұл сандырағы  айдай  анық келді.

  Сыртқы істер министрлігі мамандары ресейлік әріптестеріне Лимонов “ұсынысының” позициясына қатысты түсіндіруді талап еткен нота жолдауды ұйғарған болатын. Сөйте  тұра, “Ресей – біздің досымыз, Қазақстанның одақтасы әрі стратегиялық серіктесі. Лимоновтың ақылға сыймайтын мәлімдемесінің Ресейдің Қазақстанға қатысты сыртқы саяси бағытына қатысы жоқ. Біз ресейлік серіктеріміздің Лимоновтың оғаш әрекетіне тиісті бағасын беретініне ешқандай күмән келтірмейміз”, -деп мәймөңкелеген министрліктегілер. Алайда, Ресей  тарапы  міз  баққан жоқ,  пысқырып та қарамады. Бұдан кейін "жуас түйе жүндеуге  жақсы" дейтін  В.Жириновский де  Қазақстанды  қосып  алу  керектігін айтты.  Оған  тағы  біраз даурығып басылдық,  біздің  тарап тағы ләм– мим дей алмады.

    Лимонов біздің  СІМ–нің бұл  дәрменсіздігін  де тілге  тиек етуді  ұмытпады: "Қазақ СІМ Ресейдің СІМ–не  хат  жолдапты. Ал,  олар маған не істей  алады?  Өздерінің келіскендерін  құлағыма  сыбырлап  айта ма?

     Бұл не басынушылық? Қашанғы  біз осындай  қорлықты көре  береміз? "Ұра  берсе, киіз  қазық  та  жерге  кіреді".  Біздің кейбір тарихты  білмейтін,  тіл мен ділден  ділден  жұрдай  азаматарымыз  Лимоновтың осындай дақпыртына  сеніп қалмасына  кім  кепіл? Әлем  не ойлайды?  Қазақтың КСРО  құрамында болғанын  жақсы біледі. Лимонов секілділердің "абсурдтары"  рас деп қабылдап,  соңы  лаңға айналмасына  кім кепіл?

"Қамшы"  сілтейді

Қатысты Мақалалар