Сайтымызда Алматыдағы «Ақкент» тұрғын үй кешенінде орын алған жағдай туралы бұған дейін де жазған болатынбыз. Осыған орай, «Ayt Housing Complex» төмендегідей жауап хат келді.
Алматыда «Ақкент» тұрғын үй кешендегі пәтер ақысын төлемейтіндер пәтерлерінен шығарылды. 17 маусым күні Әлия Қаратаевна Елюкенова, Ұлжан Әбдіқайымовна Бердиева, Анна Александровна Сабурованы мәжбүрлеп пәтерден шығару бойынша сот шешімі орындалды.
«Ayt Housing Complex» компаниясының заңгері Гүлжан Сапронованың хабарлауынша 2010 жылғы 25 қазанда Әлия Қаратаевна Елюкенова «Ақкент» премиумды тұрғын үй кешенінде екі бөлмелі пәтерді сатып алу үшін сомасы 23,7 млн. теңгені құрайтын шарт жасасқан. Жоғарыда көрсетілген соманың 4,8 млн. теңгесін, яғни 20% ғана төлеген.
А.К. Елюкенова аталған пәтерде тұрып келе жатқанына 67 ай болған. Бұл ретте, 2 бөлмелі пәтерді жалға алу құны орта есеппен 80 мың теңгені құрайды. Яғни аталған тұрғын үйде 5 жыл тұру шығыны шамамен 5 млн. теңгеден астам қаражатты құрайды.
Сондай-ақ, А.К. Елюкенованың меншігінде Астана қаласында пәтері және «Лада» маркалы автокөлігі бар.
Бұдан басқа ертеректе А.К. Елюкенованың жеке меншігінде 2 үй және 1 пәтері болған.
Кейбір мәліметтерге сәйкес А.К. Елюкенова мемлекеттік органдарда қызмет етіп, 2015 жылдың желтоқсан айына дейін баспана алуға арналған «баспаналық төлемақылар» алып отырған. Аталған 20 млн. теңге сомасындағы төлемақылар Астана қаласынан пәтер сатып алуға жұмсалған. Бұл факті бойынша 2016 жылғы 11 ақпанда қылмыстық іс қозғалды.
2013 жылғы 11 желтоқсанда Бердиева Улжан Абдикаимовна «Ақкент» премиумды тұрғын үй кешенінен 17.3 млн. теңгеге 1 бөлмелі пәтер сатып алу жөнінде «Ayt Housing Complex» компаниясымен келісімшартқа отырған. Көрсетілген суммадан тек (бастапқы жарна) 4%-ғана – 608 мың теңге төленген.
У. Бердиева аталған пәтерде тұрып жатқанына 29 ай болған. Алайда бұл ауданда 1 бөлмелі пәтерді орташа жалға алу құны 60 теңге шамасында, яғни жоғарыда көрсетілген мерзімде 1.7 млн. теңге шығынды қажет етеді.
Сондай-ақ, У. Бердиеваның Алматы қаласында пәтері, Hyundai County атты 2 машинасы, Iveco TurboDaily, Toyota Camry, Mercedes-Benz 410, Mitsubishi Galant, Hyundai SuperAero City маркалы 7 бірдей автокөліктері бар.
Осыған қоса У. Бердиева «Ақкент» премиумды тұрғын үй кешеніндегі пәтерін жалға беріп, өзі басқа мекен-жайда тұрады.
2013 жылғы 26 желтоқсанда Сабурова Анна Александровна «Ақкент» премиумды тұрғын үй кешенінен 33 млн. теңгеге 3 бөлмелі пәтер сатып алу жөнінде «Ayt Housing Complex» компаниясымен келісімшартқа отырған. Көрсетілген суммадан тек (бастапқы жарна) 2%-ғана – 684 мың теңге төленген.
А.А. Сабурова осы пәтерде тұрып жатқанына 29 ай болған. Бұл ауданда 3 бөлмелі пәтерді орташа жалға алу құны 100 000 теңге шамасында, яғни жоғарыда көрсетілген мерзімде 2.3 млн. теңге шығынды қажет етеді.
Сондай-ақ, А.А. Сабурованың Алматы қаласында пәтері, Subaru Legacy және «Volkswagen Touareg» автокөліктері бар.
Құрметпен, Олжас Мухитов
«Ayt Housing Complex» ЖШС менеджері